Қамқоршылық кеңес хаттамасы №1 » Қарлығаш негізгі мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарлығаш негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Қамқоршылық кеңес хаттамасы №1
09
январь
2018

Қамқоршылық кеңес хаттамасы №1

Хаттама №1
Қамқоршылық кеңесінің отырысы
Қарлығаш негізгі орта мектебі

Өткізілген уақыты: 03.10.2017жыл
Қатысқандар: Мектеп директоры - Г.К.Нурахметова
Ақыбаев Ғ.
Қапаров Н.
Насипов Н.
Иманғалиев А.
Абдраханова Д.
Бисарин С.
Алмасов Е.Б.

Қатыспағандар: жоқ

Күн тәртібінде
1. Алакөл аудандық білім бөлімінің басшысының "Қамқоршылық кеңесін құру туралы" №505-Ө бұйрығымен және қамқоршылық кеңесінің ережесімен таныстыру.
2. Қамқоршылық кеңесінің мүшелерін сайлау
3. 2017-2018 оқу жылына отырыстардың жылдық жоспарын бекіту

Тыңдалды:
Бірінші мәселе бойынша мектеп директоры - Г.К.Нурахметова сөз алды. Өз сөзінде Алакөл аудандық білім бөлімінің №505-Ө бұйрығымен таныстырып өтті. Онда барлық білім мекемелерінде "Қамқоршылық кеңесін" құрылу керек екендігін айтты, сонымен қатар қамқоршылық кеңесін сайлау тәртібіміз үлгілік қағидасы жіберіліп отырғанын және де сонымен таныстырып өтетінін айтты. 5 тарауды толығымен оқып таныстырды. Енді осы ережеге сәйкес жұмыс жүргізілетіндіктерін айтып өтті.
Екінші мәселе бойынша тәрбие ісі-жөніндегі орынбасар Е.Б.Алмасов сөз алды.
Ол өз сөзінде 2017 жылғы 22 қыркүйектегі мектеп директорының №187 бұйрығымен кеңес құрылғандығын және оған отырған 7 адам:
Ақыбаев Ғ - жеке кәсіпкер
Қапаров Н. - жеке кәсіпкер
Насипов Н. - жеке кәсіпкер
Абдраханова Д. - жеке кәсіпкер
Бисарин С. - жеке кәсіпкер
Иманғалиев А. - полиция қызметкері
Алмасов Е.Б. - Қарлығаш НОМ тәрбие ісі жөніндегі орыбасар
мүшелікке кіретіндіктерін айтты.

Қамқоршылық кеңесінің төрағасы және хатшысы болу керектігін айтып және сайлау жүргізуді ұсынды. Айтылған ұсыныс бойынша кеңес мүшелері өз ойларын айта отырып, бір ауыздан төрайымға Абдраханова Дамира болғаны дұрыс деп, ал хатшылыққа Алмасов Ерлан болғаны дұрыс деп шешті. Себебі, қалған мүшелер үнемі ауылда бола алмайтындықтарын айтты.

Шешім:
1. Қамқоршылық кеңесінің төрайымы болып Абдраханова Дамира сайлансын.
2. Қамқоршылық кеңесінің хатшысы болып Алмасов Ерлан сайлансын.

Үшінші мәселе бойынша кеңес төрайымы Д.Абдраханова сөз алды. Кеңес болғандықтан, тоқсанына бір рет отырыс өткізуіміз керек екенін және сол отырыста қаралатын мәслелерді жоспарлап алуды ұсынды.
Сөзді мектеп директоры Г.К.Нурахметова сұрап алды. Былтырғы оқу жылында қамқоршылық кеңесі құрылса да мектепке демеушілік көрсете алмады. Жеке кәсіпкер Е.Ақшолақов 80 оқушыға жаңа жылдық сыйлық жасады. Мектепке 4 шкаф, 6 стол алып берді.
Биылғы жылда да мектептің материалдық-техникалық базасын жетілдіруге көмек қажет екенін атап өтті.
1. Мектептің сыртқы керегесін күрделі жөндеуден өткізсе
2. Спорт алаңы жасалса
Осындай мәселелерге де, көңіл бөлсеңіздер деп сөзін яқтады.

Кеңес төрайымы: Д.Абдраханова
Кеңес хатшысы Е.Алмасов