Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты Қазақстан халқына жолдауы туралы » Қарлығаш негізгі мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарлығаш негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты Қазақстан халқына жолдауы туралы
01
сентябрь
2023

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты Қазақстан халқына жолдауы туралы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты Қазақстан халқына жолдауы туралы


2023 жылдың қыркүйек айының бірінші жұлдызы Қазақстан халқы үшін ерекше күн болды. Мемлекет басшысы білім күні халыққа жолдау жасады. Қарлығаш негізгі орта мектеп ұжымы да осы жолдауды толықтай тыңдап, талқыладық. Осының ішінде ұлт болашағын тәрбиелеп отырған адам ретінде жолдаудағы білім саласына қатысты көптеген реформаларды қолдап, білімді ұрпақты ел болашағының тірегі етіп шығарудағы міндетіміз артты.

Мемлекет басшысы жолдаудағы алғашқы сөзін  «Бүгінде менің бастамаларымның басым көпшілігі жүзеге асты, Бірқатар жұмыс жалғасып жатыр. Осы орайда халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер еткен кейбір шараларды атап өткім келеді.Мысалы, 2020 жылдан бері мұғалімдердің жалақысы екі есе өсті» - деп бастады, шынымен мұғалім мәртебесінің біршама арттырған президентімізге алғысымызды білдіре отырып алдағы уақытта болатын жағымды өзгерістерге дайын екенімізді сезініп отырмыз. Өзгеріс елімізді өркендеу мен жаһандануға әкеледі.

Заман талабына сай президентіміз «Жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін толық пайдалансақ, білім экономикасына тың серпін береміз» - деп мемлекетімізді өркендетуде заман талабынан қалыспасақ, ел болашағының тірегі - білімді ұрпақты тәрбиелейтінімізге сөзсіз сенеміз.

Сонымен қатар мемлекет басшысы айтқандай «Білім беру мекемелеріндегі психологиялық қолдау қызметін институционалды түрде күшейту қажет. Бірыңғай сенім телефонын ұйымдастырған жөн. Зорлық-зомбылыққа және қысымға, яғни буллингке тап болғандарға көмек көрсетуге арналған бағдарлама әзірлеу керек» - деп атап айтса, білім алушыларға алаңсыз, креативті, өзіне сенімді және рухани бай орта қалыптастыруда психолгтың жұмысы тиімді әрі жүйелі болуы қажет деп ойлаймыз. 

Қ.К.Тоқаев айтқандай «Сапалы орта білім алу – әрбір баланың мызғымас құқығы. Мұндағы ең түйінді сөз – "сапа". Сондықтан білім сапасын жақсарту және мұғалімдердің біліктілігін арттыру ауадай қажет.» екені ақиқат. Саннан сапаға, сападан нәтижеге жету әр адамның алдына қойған мақсаты болса, еліміздің дамуы да нәтижелі болмақ. 

«Бәріне бірдей білім беру үшін интернет жылдамдығы жоғары және білім берудің цифрлы ресурстары тегін әрі қолжетімді болуы шарт. Білім беру жүйесі еңбек нарығының сұранысына қарай өзгеріп отыруы керек» деп мемлекет басшысы жолдауда айтқандай білім алушылардың жоғары жылдамдықтағы интернетке қолжетімділігі артып, әрі тегін болса барлық ұстаздар қауымы мен ата – аналарды қуантары анық.

«Еліміздегі демографиялық өсім білімге деген сұранысты арттырады. Мемлекеттің білім саласына қатысты жұмысында тұтастық, яғни жүйе жоқ. Тіпті, өзара байланыс жоқ деуге болады. Сондықтан бес жастан асқан балаларға арналған "Келешек" атты бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізуді тапсырамын.Бұл бағдарламада мемлекет тарапынан ұсынылатын бастапқы білім беру капиталы, жыл сайынғы мемлекеттік сыйақы және инвестициялық табыс қарастырылуға тиіс. Осы жинақ пен "Ұлттық қор – балаларға" жобасының қаражаты қосылғанда жас ұрпақтың сапалы білім алуына мүмкіндік туады.» - деп президентіміз атап өткендей орта білім мекемелерінде кәсіби таңдау дағдысы қалыптасқан түлектерінің жоғары білім алуына үлкен септігі тиері анық.

Президентіміз айтқандай «Біз мәдениетті, білімді, ғылымды дамыту арқылы қазіргі ашық әлемнің бір бөлшегі болуға ұмтылуымыз керек. Алдымызға қойған биік мақсатқа жету оңай болмайды. Әркім отаншыл, білімпаз, еңбекқор, тәртіпті, адал, әділ, үнемшіл әрі жанашыр болса, алынбайтын асу жоқ. Абайдың "Толық адам" ілімінен бастау алатын "Адал азамат" тұжырымдамасының түпкі мәні – осы» десе, қазақта «Тәрбие тал бесіктен»  деп дөп басып айтқан.Отбасылық құндылықтар мен ғылымды, білім саласындағы заманауй техникалық базаны жасанды интеллектпен ұштастырсақ  ұрпағымыздың болашағы жарқын болары сөзсіз.

         Мемлекетімізің басшысы айтқандай «Берекелі бірлігімізді сақтап, табанды еңбек етсек, Отанымызды көркейтіп, ұрпаққа дамыған мемлекет ретінде табыстасақ, бабалар аманатына адалдық деген – осы!» деп әділетті Қазақстанның экономикалық бағдарын айқындаса, біз таңдаған жолымыздан айнымаймыз!

Жетісу облысы

Алакөл ауданы, Қарлығаш негізгі орта 

мектебінің директоры Г.К.Нурахметова