Самғау ӘПБ онкүндігінің есебі » Қарлығаш негізгі мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарлығаш негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
январь
2023

Самғау ӘПБ онкүндігінің есебі

Қарлығаш негізгі орта мектебінің 2022-2023 оқу жылындағы «Самғау» пәндер бірлестігінің онкүндік есебі

Бүгінгі жас ұрпақ- ертеңгі ел тірегі.  Ендеше сапалы білім мен саналы тәрбие ұштасқанда ғана  ұлт тілегі, мемлекет пен халық мүддесі орындалмақ. Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев:   «Болашақта еңбек  етіп, өмір сүретіндер- бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім  оларды  қалай тәрбиелесе, Қазақстан  сол деңгейде болады. Сондықтан ұстаздарға жүктелетін  міндет өте ауыр»- дегенін естен шығармауымыз керек  . «Адам ұрпағымен мың жасайды», «Не ексең соны орасың»-дейді қазақ нақылы. Замана ағымына лайықты қазіргі кезде алдымызда тұрған міндет халқымыздың ұлттық дербестігін сақтай отырып,еліміздің барынша қабілетті алдыңғы қатарына қосу.Сол өркениетті елдер санатына қосылуына ықпал жасайтын еліміздің ертеңі болашағы-жастарға білім мен тәрбие беретін-мектеп болады. Қазақтың дарынды ұстазы А.Байтұрсынов:  «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек.»-деген екен.Ертең осы елге ие болып,тізгінін ұстар азаматтар-бүгінгі мектеп оқушылары.Бүгінгі 5-9 сынып білім алушыларына  арналған жаңа буын оқулықтары жаңаша оқытуды,білім алушының  оқуына ықпал ететін оқыту әрекетін ұйымдастыруды талап етеді.Баланың жеке басын дамытудың басты кепілі-сабақтың әрекет теориясына сәйкес ұйымдастырылуы тиіс.

Қарлығаш негізгі орта мектебі  коммуналдық мемлекеттік мекемесі 31.01.2023-10.02.2023  аралығындағы «Тіл мен тарих ғасырлар куәсі»  тақырыбында мектебімізде «Самғау» пәндер бірлестігінің  онкүндігі өткізілді.

Апталықтың мақсаты:  «Жаңа инновациялық ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, оқушыларды өз Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, Отанға деген құрмет, елін, жерін қорғайтын патриот  болуға тәрбиелеу».

«Самғау»  пәндер бірлестігінің мұғалімдері оқу үдерісін жетілдірумен қатар ,білім алушының  шығармашылық, жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, рухани-адамгершілік  дамуын қамтамасыз ету керек. Сол себепті , бірлестік мұғалімдері  апталық жоспарын құра отыра, алдына келесі міндеттер қойды:

- оқушының оқуға  деген  оң мотивациясын қалыптастыру;

- сабақ және сыныптан тыс шараларды қызықты өткізу формаларын қолдана отырып,  барлық білім алушыларды  оқу және тәрбие үдерісіне тарту.

Өткізу принциптері: әрбір білім алушы  апталықтың барлық шараларына белсене қатысушы болып табылуы керек.

Онкүндік мынадай жоспарда құрылды:

Іс-шара мазмұны

Сабақ түрі


Сыныбы

пәні

Мерзімі

Уақыты

Жауапты адамдар

1

 «Тіл мен тарих ғасырлар куәсі»

Онкүндіктің ашылуы


5-9 сынып

31.01.

10.25

Бірлестік мүшелері

2

Мен бақытты баламын

Эссе

5-7 сынып

01.02

14.30

Ахметханов Қ.Н.

Аят С

3

XXІ ғасыр көшбасшысы

Сайыс сабақ

7-9 сынып

02.02

14.30

Казизова Р.Р.

Айтбаева Ж.С

4

Жылап қайттым өмірдің базарынан...

Кітап көрмесі 

5-9 сынып

03.02

15.00

Абеунусипова К.

5

Сиқырлы сандық

Сайыс сабақ

5-6

03.02

14.30

Аят С

6

ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы     Қазақстандағы әкімшілік- аумақтық реформалар

Үлгілі сабақ

7-сынып

06.02

09.35

Алмасов Е.Б.

7

Үш тұғырлы тіл

Сайыс сабақ

6-7

06.02

15.00

Казизова Р.Р.

Айтбаева Ж.С

8

Тіл білгірі 

Сайыс сабақ

7-9-сынып

07.02

15.00

Ахметханов Қ.Н.

9

Таңғажайып алаңы

Интеллекталдық сайыс

7-9-сынып

08.02

15.00

Нурахметова Г.Қ

10

Жылап қайттым өмірдің базарынан...

Әдеби кеш

5-9

09.02

14.30

Бірлестік мүшелері

11

«Тіл мен тарих ғасырлар куәсі»

Онкүндіктің жабылуы

5-9 сынып

10.02

15.00

Бірлестік мүшелері


Барлық  өткізілген ашық сабақтарда, 5-9 сынып білім алушылары белсене ат салысты.

Құрылған жоспарға сай мұғалімдердің ашық сабақтарына тоқталсақ:

Мұғалімдер ашық сабақтарында жаңа инновациялық технологиялардың әдіс –тәсілдерін тиімділігіне қарай шебер қолдана білді. Сабақтардың құрылымы жүйелі құрылды.Сабақтарға пән мұғалімдері, мектеп әкімшілік қатысып, талдау жасалып, жақсы баға берілді.

31 қаңтар күні ашылу салтанаты болып өтті. «Тіл мен тарих ғасырлар куәсі» тақырыбында   онкүндіктің ашылу салтанаты болды.  Бірлестік мүшелерінің онкүндікке арналған безендірулері өте керемет болды. Білім алушылар үш тілде жүргізді.  Ашылу салтанатына 5-9 сынып  білім алушылары қатысып, өнерлерін көрсетті. Онкүндіктің ашылуы «Қуаныш себетінен» шашу таратумен басталды.  5-6 сынып оқушылары оқу-білім туралы жаттаған өлең жолдарын айтып, апталықты бірінші болып ашты.7 сынып  білім алушысы Ғалымжанқызы Айша орыс тілінде ән айтса, 9 сынып білім алушылары  ағылшын тілінде ән айтты. 

 

1 ақпан  күні  5-7  сынып оқушыларының арасында «Мен бақытты баламын!»  атты эссе байқауы болды . Бұл сайыстың мақсаты: білім алушылардың дарыны мен қабілетінің артуына жол ашу, білімді  ұл-қыздар тәрбиелеу. Эссе байқауына  барлық сынып оқушылары белсене қатысты.Бұл сайыста  7 сынып білім алушысы Ғалымжанқызы Айша І орын , 6 сынып білім алушылары Марат Гауһар мен Ерланқызы Камила 2 орын, 5- сынып оқушысы Сатбай Сезім 3 орын дипломымен марапатталды.


2ақпан  күні өткізілген 7-9 білім алушыларының арасында «XXІ ғасыр көшбасшысы » интеллектуалдық сайысы өткізілді.

 Мақсаты:Білім алушылардың ой ұшқырлығы мен шапшаңдықтарын дамыту.

 

3 ақпан күні  Абеунусипова К 5-9 сынып білім алушыларымен  «Жылап қайттым өмірдің базарынан...»  кітап көрмесін өткізді. 

Көрменің мақсаты: Білім алушыларға  ақиық ақын М.Мақатаевтың туған күніне орай , ақынның өмірі мен шығармаларын таныстыру.Кітапханашы ақынның өмірі мен шыңармаларын таныстырып, білім алушыларға сұрақтар қойды.


3 ақпан  күні  Аят Серікгүл 5-6 сынып білім алушыларымен  қазақ тілі пәнінен «Сыр сандық» тақырыбы бойынша сайыс   сабақ өткізді.. Оқушыларды «Мен қандаймын?» атты психологиялық тренингпен ұйымдастыра білді. Әрбір білім алушы  өз есімінің бас әрпінен басталатын жақсы қасиет айтып,сабақты жақсы көңіл-күймен бастады. Топтар өз жауапкершілігін біле алды . Мұғалім сабақ барысында ойын түрлерін де енгізіп, білім алушының қызығушылығын таныта алды.Сайыс соңында «Тұлпар» тобы І орын, «Қыран» тобы 2 орын дипломымен марпатталды. 


Ұсыныс:  Оқушының жауабын аяғына дейін тыңдай  білу керектігі ұсыныс  ретінде  айтылды.

6 ақпан  күні  орыс тілі мен ағылшын тілі мұғалімдері 6-7 сынып білім алушыларымен «Үш тұғырлы тіл» атты сайыс сабақ өткізд. Сайысқа білім алушылар белсене қатысты,  әрі әрбір білім алушы  ізденіспен жұмыс жасай білді.Сыныптағы барлық білім алушы сабаққа қамтылды. Мұғалім сұрақты қоя да  білді, ұтымды жауап ала да білді.Мұғалім жан-жақты дайындалған. Жаңа технологияны сабақта тиімді пайдалана білді.  Сайыс соңында кері байланыс жүргізіп, сайыс жеңімпаздарын марапаттады. Білім алушы-мұғалім арасында ынтымақтастықты ұйымдастыра білді.Сайыс өте тартымды өтті.


 
 

Ұсыныс: Мұғалім оқушының өз ойын айтуына мүмкіндік беруі ұсыныс ретінде айтылды.

7 ақпан күні  Ахметханов Қанат 7-9 сынып білім алушыларымен  «Тіл білгірі» атты сайыс сабақ өткізді.

Мақсаты:  Логикалық ойларын, танымдық қабілеттерін зейінін шығармашылық белсенділіктерін дамыту.Өз ойын дұрыс жеткізе білуге, жылдамдыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу болып табылады.Сабақты оқушылардың психологиялық дайындығымен бастады. Білім алушылар сайыс  барысында үш топқа бөлініп,«Біліміңді сына», «Ұшқыр ойлы топ», «Біліктілігіңді тексер»  атты әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып,өзіне баурап алды.Әсіресе оқушылар сабақтан алған өз әсерлерін смайликтер арқылы жеткізе білді.Бұл сабақта ерекше көзге түскен оқушыларды мақтап-мадақтауды ұмытпады.   Сайыс  өте  тартымды  өтті.Сайыс соңында жеімпаздарды марпаттады. 

Ұсыныс: Уақытты үнемді пайдалану ұсыныс ретінде айтылды.

8 ақпан  күні  Г.К.Нурахметова «Таңғажайып алаң»  атты интеллектуалдық сайыс өткізді.Білім алушылардың білімдері сыналды. Сайыс білім алушылар үшін де, көрермендер үшін де , өте қызықты өтті. Сайыс соңындабілім алушылар мадақтамалармен марапатталды. Сайыс нәтижесі бойынша  9-сынып оқушысы Қапас Жібек жеңімпаз атанды.Сайыс соңында , мұғалімдер кері байланыс беріп, мұғалімге алғыстарын айтты.

Мақсаты: Оқушыларды ойын кезінде өзін-өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Төзімділік, жылдамдық, ептілік деңгейін дамыта отырып, ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.
 

9 ақпан күні   қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Қ.Ахметқанов пен Аят Серікгүлдің ұйымдастыруымен  М.Мақатевтың туған күніне орай «Жылап қайттым өмірдің базарынан»  атты әдеби кеш өткізілді. Іс-шара барысында ақынның өлеңдерін оқып, әндерін шырқады. 9- сынып оқушысы Тоқтахмет Нұргүл  ақынға арналған арнауын нақышына келтіріп , мінерлеп оқыса, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аят Серікгүл мен ата-ана Роза ханым екеуі «Қайран ,Қарасазым-ай» әнін домбырамен орындап,елдің жүрегін елжіретіп, халық қошеметіне бөленді. 

Мақсаты:  Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелей отырып, поэзия әлемінің сырын ашу.

Ұсыныс: Осындай әдеби кештер көп өткізілсе деген ұсыныс айтылды.



10 ақпан   «Тіл мен тарих ғасырлар куәсі» атты «Самғау» пәндер бірлестігінің  жабылуы өткізілді. Онкүндік аясында өткізілген іс-шаралар жоғары деңгейде өткізілді.Білім алушылар орыс ағылшын тілінде ән айтса, бірлестік мүшелері «Біздің бірлестік золотой» әнін шырқап, ұрандарын айтты.Іс-шараға белесене қатысқан білім алушылар мен мұғалімдерді дипломдармен марапатталды.





Бірлестік    жетекшісі                              С.Аят