Әдістемелік жұмыстың жылдық талдауы » Қарлығаш негізгі мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарлығаш негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
июнь
2023

Әдістемелік жұмыстың жылдық талдауы

2022-2023 оқу жылындағы әдістемелік жұмыстың жылдық талдауы


Мектептің әдістемелік тақырыбы: Білім беру мазмұнын жаңартуда заманауи инновациялық технологияларды кеңінен пайдаланып, мұғалімдердің кәсіби біліктілігін ұдайы көтеру, бәсекелестігін арттыру

Ғылыми-әдістемелік жұмыс мақсаты: Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін ұдайы дамыту арқылы білімдері мен дағдыларын жетілдіру, қызметтерін белсендіру

Ғылыми-әдістемелік жұмыс міндеттері: 

  • Жаңа кәсіби көзқарастағы құзырлы ұстаз қалыптастыру
  • Мұғалімдердің озат тәжірибе тарату, авторлық бағдарлама бекіту бойынша жұмыстарын жандандыру
  • Біліктілік арттыру курстарынан өткеннен кейінгі жұмыс жүйесінде өзгеріс енгізуін дағдыландыру

Жұмыс нысандары бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысы:

Әдістемелік апталықтар мен онкүндіктер, акциялар өтілуі. Қыркүйек айында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі С.Аяттың ұйымдастыруымен «Тілдер айлығы» өткізілді. Айлық барысында сыныптарда сынып сағаттары өтті. Сондай-ақ, мектепішілік шығарма, эссе байқаулары ұйымдастырылды. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасардың басшылығымен «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылып, 400 мың теңге көлемінде 10 оқушыға мектепке қажетті киім, құрал-жабдықтары алынды. Қыркүйек айында «Жол қауіпсіздігі» апталығы өтті. Апталық барысында оқушыларға жол қауіпсіздігі түсіндірілді. «Тәуелсіз мемлекетіміздің рәміздері» айлығы, Құқық айлығы, Қарттар мен мүгедектер күні айлығы, Ұстаздар күні мерекесіне арналған апталықтар өз дәрежесінде өткізілді. Желтоқсан айының 19-29 аралығында мектеп директорының 15.12.2022ж №185 бұйрығы негізінде «Болашақ» ӘП бірлестігінің «Бастауышым-балбұлағым, лаулап жанған шамшырағым» тақырыбында онкүндігі өткізілді. Онкүндік барысында сурет көрмесі, спорттық ойындар, интеллектуалды ойындар өткізілді. Өткізілген іс-шараларға ата-аналарды қатыстыру деңгейін арттыру ұсынылды. Қаңтар айының 30-ы мен ақпан айының 10-ы аралығында мектеп директорының 30.01.2023 жылғы №23 бұйрығы негізінде «Самғау» ӘПБ-ң «Тіл мен тарих ғасырлар куәсі» тақырыбында онкүндігі өтті. Онкүндік барысында эссе байқауы, сайыс сабақ, кітап көрмесі, үш тілділік бойынша сайыс сабақ, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінен үлгілі сабақтар жоғары дәрежеде өткізілді. Әдеби кеш, интеллектуалды ойындар мен сайыс сабақтар оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен дүниетанымын кеңейтуге қызығушылықтарын арттыруға бағытталды. Онкүндік барысында жаңа инновациялық технологиялар мен интербелсенді әдіс-тәсілдер тиімді пайдаланылды. Онкүндік жабылуында жеңмпаздар мен белсенді қатысушылар марапатталды. Ақпан айының 21-і мен 28-і аралығында «Шабыт» ӘПБ –ң апталығы өткізілді. Апталық барысында  теннистен жарыс, тоғызқұмалақтан жарыс, музыкадан сайыс сабақтар, көркем еңбек пәнінен сайыс сабақ пен сурет байқауы өткізілді. Байқаулардың жеңімпаздары марапатталды. Мамыр айында мектеп кітапханашысы К.Абеунусипова «Ең жақсы сақталған оқулықтар» акциясын өткізді.

Педагогтердің кәсіби байқауларыАудандық «МДҰ Үздік әдіскері», Аудандық тіл фестивалі«Үздік тарих пәні мұғалімі-2023», «Үздік математика пәні мұғалімі», Аудандық «Педагогикалық тандем» жас маман мен тәлімгер байқауы, Аудандық «ШЖМ-тің үздік мұғалімі - 2023» байқауы, Аудандық «Ең үздік инновациялық шет тілі сабағы-2023» байқауы, Аудандық «Ең   үздік  қазақ тілі  және әдебиеті пәні мұғалімі-2023» байқауы, Бірімжанов олимпиадасы (химия пәні мұғалімдері арасында), Биология пәні мұғалімдері арасында олимпиада, География пәні мұғалімдері арасында олимпиада, Ломоносов   олимпиадасы (физика пәні мұғалімдері арасында), Орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімдеріне арналған олимпиада, Аудандық «Жыл   мұғалімі   -  2023 байқауы, осы байқауларға қатыспағанымыз үлкен кемшілік болып саналады.  Биылғы оқу жылында мұғалімдердің кәсіби байқауларға қатысуы төмен болғандығын көріп отырмыз. Қатысып, жүлделі орын алған байқауларымыз:

  • А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай ұйымдастырылған аудандық педагогикалық оқулары  Р.Казизова 3-орын, Ә.Ахмади, Қ.Ахметханов алғыс хат
  • Аудандық Педагогикалық идеялар фестивалінде Ә.Ахмади мен Д.Мухаметжанова 3-орын
  • Аудандық Үздік бастауыш сынып мұғалімі байқауында Д.Тоганбаева 3-орын
  • Аудандық Үздік сынып жетекшісі байқауында А.Сабырбаева 3-орын
  • Мұғалімдер арасындағы пән олимпиадасы Ә.Жарахметов пен Е.Алмасов 3-орын

Дарынды балалармен жұмыс. 

Мектепішілік өткізілген пәндік олимпиадалар мен байқаулар: 2022 жылдың 21-қараша күні жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі өтті. Математика, жаратылыстану, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен 8 оқушы қатысты. Аудандық кезеңге 3 білім алушы (Қазақстан тарихы, қазақ тілі, математика пәндерінен) жолдама алып, жүлделі 3 орынға ие болды. 

18-қараша күні «Алтын сақа» математикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне 6-сынып білім алушысы Мұрат Мейірбек жүлделі 3-орын иеленді.

30-қараша күні жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған мектепішілік олимпиада өтті. Ағылшын тілі, информатика, қазақ тілі, биология, Қазақстан тарихы, география пәндерінен 8 білім алушы қатысты. Ауданға ағылшын тілінен Қапас Жібек пен информатика пәнінен Мұхтар Альмира жүлделі ІІІ орын иеленді. 

2023 жылдың 03-ақпанда 3-4 сыныптар арасында мектепішілік «Алтын сақа» олимпиадасы өтті. Мектепішілік кезеңге 9 білім алушы қатасып, 1 оқушы аудандық кезеңнен 3-орын иеленді.

2023 жылдың 20-наурыз күні 2-4, 7-8 сынып оқушылары арасында олимпиада өтті. 2-4 сыныптардан 13 білім алушы, 7-8 сыныптарда 4 білім алушы қатысты. Аудандық кезеңде 4 сынып Қапас Аяла, Жанахмет Рамазан жүлделі 2-орын, 7-сынып А.Ғалымжанқызы жүлделі 2-орын иеленді. 

«Зерде» ғылыми жоба байқауында аудандық кезеңде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен К.Ерланқызы жетекшісі С.Аят жүлделі 3-орын иеленді, бастауыш сыныпта 4-сынып білім алушысы А.Қапас жүлделі 3-орын иеленді, жетекшісі бастауыш сынып мұғалімі А.Жилибаева. 

Жеткен жетістіктеріміз:

  • Республикалық «Ақбота» зияткерлік олимпиадасынан 2 сынып-Болатбекұлы Бекасыл 2 орын, 3-сынып Даулетқали Ерасыл 1 орын, 4-сынып- Жанахмет Рамазан 1 орын, Қапас Аяла, Мұрат Іңкәр, Арманқызы Айкүміс 2-орын, 5-сынып Сатпай Сезім 1 орын, 7-сынып Ғалымжанқызы Айша 1 орын, 8-сынып Әнуарбек Бектөре 2 орындарға ие болды. 

ü ПОНИ ойынынан 2-сынып 4 білім алушы ІІ, 4-сынып 5 білім алушы жүлделі ІІІ орындарға ие болды. 

ü Облыстық «Менің кіші Отаным» байқауында Қапас Жібек ІІІ орын иеленді, жетекшісі Г.Нурахметова

ü Облыстық шығарма байқауында Шакен Б. «Ынталандыру сыйлығы» алды, жетекшісі С.Аят

ü Облыстық «Отаным алтын бесігім» челленджі Ғалымжанқызы Айша 1-орын, жетекшісі С.Аят

ü Облыстық «Абай әлемі» шығармашылық байқауы Б.Шакен, Н.Тоқтахмет Алғыс хат, жетекшілері Қ.Ахметханов, С.Аят

ü Аудандық «Менің кіші Отаным» байқауы Қапас Жібек 1 орын, жетекшісі Г.Нурахметова

ü Аудандық Ә.Кекілбаев оқулары Б.Шакен 3-орын, жетекшісі Н.Бижанова

ü Аудандық Зерде ғылыми жоба байқауында Ерланқызы Камила 3 орын, Қапас Аяла 

ü Аудандық І.Жансүгіров оқулары Тоқтахмет Н. Бас жүлде

ü Аудандық «Біз бақытты баламыз» атты жас дарынды балалар фестивалінде «Көркем сөз» номинациясы бойынша Рахым Данияр 2 орын, жетекшісі Ғ.Шотамбеков

ü Аудандық М.Жұмабаев оқулары Н.Тоқтахмет 2 орын жетекшісі С.Аят, Б.Шакен 3 орын, жетекшісі Н.Бижанова

ü Аудандық 9-11 сынып оқушылары арасындағы пәндер олимпиадасында Ж.Қапас 3 орын жетекшісі Ж.Айтбаева, А.Мұхтар 3 орын, жетекшісі Ғ.Шотамбеков

ü Аудандық 2-4 сынып оқушылары арасындағы пән олимпиадасы Қапас Аяла 2 орын, Жанахмет Рамазан 2 орын, жетекшісі А.Жилибаева

ü Аудандық 7-8 сынып оқушылары арасындағы олимпиада Ғалымжанқызы Айша 2 орын, жетекшісі С.Аят 

ü Аудандық 5-6 сыныптарға арналған пән олимпиадасына Марат Гауһар 3 орын жетекшісі Қ.Ахметханов, Ерланқызы Камила 3 орын жетекшісі Е.Алмасов, Мұрат Мейірбек 3-орын жетекшісі Ә.Жарахметов 

ü Аудандық Әлімжанов оқулары 1-орын Қарлығаш командасы, жетекшілері С.Аят, Ғ.Шотамбеков

ü Аудандық Абай оқулары Н.Тоқтахмет 1-орын, жетекшісі С.Аят

ü Аудандық Жарқын болашақ олимпиадасы «Бейнелеушілер»  номинациясы Әнуарбек Бектөре 3 орын, жетекшісі Н.Бижанова, «Жас қаламгер» номинациясы Б.Шакен 3 орын, жетекшісі С.Аят

ü Аудандық балалар оқулары Дәулетқали Ерасыл 3 орын, жетекшісі Д.Тоганбаева

ü Аудандық Алтын сақа олимпиадасы 4 сынып Қапас Аяла 3 орын, жетекшісі А.Жилибаева

ü Аудандық «Мен зерттеушімін» зерттеу жұмысы байқауында МАД тобы А.Ержан 3-орын иеленді, жетекшісі Н.Курманбаева

Педагогикалық оқулар, семинарлар. 2022-2023 оқу жылында мектепішілік өткізілген семинарлар: «Жаңа 2022-2023  оқу жылындағы ерекшеліктер» «Ерекше қолдауды қажет ететін білім алушылармен жұмысты жоспарлау» «Білім алушыларды жиынтық бағалау жұмыстарында жоғары нәтижеге жеткізу жолы» «2022-2023 оқу жылын аяқтау және қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру» тақырыптарында өткізілді. 2022-2023 оқу жылында аудандық 3 семинар, 1 ашық есік күні өткізілді. Қазан айында « Бастауыш сынып білім алушыларының айтылым дағдысын қалыптастыру жолдары» тақырыбында аудандық семинар, қараша айында «Жас мамандардың теориялық білімдерін мектеп практикасында қолдану дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында  аудандық семинар, қараша айында «Мектеп менджменті» аудандық ашық есік күні , мамыр айында «Дене шынықтыру және эстетикалық пәндерді оқытудың инновациялық әдістері»   тақырыбында аудандық семинар өткізілді. 

Педагогтардың біліктілігін арттыру. Педагогтардың біліктілігін арттыру бойынша қыркүйек және қаңтар айларында педагогтардың курстан өтуіне перспективалық жоспары құрылды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша педагогтардың құзыреттілігін арттыруға байланысты курстан өту керектігі алдыға қойылған міндет болғандықтан, биылғы жылы осы бағытта курстан өтулері қатаң бақыланды. Нәтижесінде: 2022, 2023 жылдары педагогтар толықтай құзыреттілік бойынша курстан өтті. Пән бойынша қысқа мерзімді курстардан да барлық педагогтар өткен. Мектеп кітапханашысы К.Абеунусипова мен оқу ісі жөніндегі орынбасар Д.Мухаметжанова Республикалық «Даму» орталығы ұйымдастырған 72 сағаттық курстан өтіп, кітапхана және менеджмент бойынша біліктіліктерін арттырды. 

Әдістемелік күн. Мектептің 2022-2023 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспарында әдістемелік күндер бойынша аптаның әр жұмасы «Әріптестен әріптеске» тәжірибе алмасу күнін ұйымдастыру жоспарланған болатын. Бірақ, өз деңгейінде өткізілмеді. Сол себепті педагогтардың өзара сабаққа қатысу арқылы тәжірибе жинақтауын арттыру мақсатында 2023-2024 оқу жылында осы әдістемелік күннің өз деңгейінде өтуін қадағалау керек деген ойдамын. 

Жас мамандармен жұмыс. 2022-2023 оқу жылында мектеп бойынша 1 жас маман. Казизова Рысгүл Рысбайқызы- орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, білімі жоғары, еңбек өтілі 2 жыл. Тәлімгері- қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы Аят Серікгүл, білімі жоғары. Тәлімгері жас маманға әдістемелік көмек беріп отырғанымен, жас маман тарапынан өзара сабаққа қатысу арқылы тәжірибе жинақтау деңгейі төмен болды. Сол себепті сабақта өзің еркін ұстай алмау, мектеп әкімшілігі тарапынан сабаққа қатысқанда қобалжу байқалды. Сол себепті педагогтардың өзара сабаққа қатысу деңгейін көтеру қажет. Педагогтарды аттестаттау. Қазан айында мектеп психологы М.Сулейменова «Мұғалімдерді ҰБТ ға жігерлендіру»  психологиялық трениниг өткізді. Мектеп педагогтары ҰБТ кезіндегі ережелермен жылдың басында толық таныстырылды. Сәуір айында біліктіліктерін арттыру үшін тестке баруға 12 педагог және 1 мектеп басшысы өтініш білдірді. Портфолиоларын талапқа сай жинақтап 1 басшы, 2 зерттеуші, 1 сарапшы, 9 модератор бірінші кезеңнен өтіп, екінші кезең тестілеуге өтті. 2008 жылы педагог-сарапшы біліктілік санатын алып, 2023 жылы мерзімі келген тарих пәні мұғалімі Е.Алмасов өзінің өтініші бойынша құжаттарын педагог-сарапшы біліктілік санатын растауға да, педагог-зерттеуші біліктілік санатына өтуге де өткізбеді.  Тестілеуге барған педагогтардың ішінде 1-басшы, 2-зерттеуші, 1-сарапшы тестілеуден шекті балл жинаса, 9-модератор шекті балл жинай алмағандықтан шілде айына тестілеуден қайта өтеді. Сонымен қатар, ОІЖО Д.Мухаметжанова мен ТІЖО А.Көкебаев «үшінші санатты орынбасар» біліктілік санатына құжаттарын тапсырды. 

2022-2023 оқу жылында әдістемелік жұмыстың жүргізілуі барысында кездескен кемшіліктер негізінде келесі оқу жылына мынандай міндеттер анықталды:

  • Өткізілген іс-шараларға ата-аналарды қатыстыру деңгейін арттыру
  • Аптаның әр жұмасы «Әріптестен әріптеске» тәжірибе алмасу күнін ұйымдастыру арқылы педагогтардың өзара сабаққа қатысу деңгейін көтеру
  • Білім алушылардың зерттеу дағдылары мен ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыру арқылы ғылыми жобаларға қатыстыру
  • Пән олимпиадаларына аудандық деңгеймен шектелмей, облыс деңгейінде жетістіке жету мақсатында дарынды оқушылармен дайындық жұмыстарын күшейту











«Қарлығаш негізгі орта мектебі» кмм









2022-2023 оқу жылындағы әдістемелік жұмыстың жылдық талдауы