Мектепішілік пән олимпиадасының ашылу салтанатының сценариі » Қарлығаш негізгі мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарлығаш негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектепішілік пән олимпиадасының ашылу салтанатының сценариі
10
март
2023

Мектепішілік пән олимпиадасының ашылу салтанатының сценариі

Қарлығаш негізгі орта мектебі КММ
Мектепішілік пән олимпиадасының ашылу салтанаты

Өтетін күні: 30.11.2022ж
Орны: Қарлығаш НОМ КММ

Жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар, 2022-2023 оқу жылының білім додасына қатысушы оқушылар!

Жүргізуші: Ғылым мен білімді ең басты қазынам, байлығым деп есептеп, білімнің ең биік шыңдарын бағындыруға жасаған алғашқы қадамдарыңның бірі – мектепішілік пән олимпиадасының ашылу салтанатына қош келдіңіздер!
Г И М Н
Жүргізуші: «Жеке дарын жетілмейді, дарындар сайыса жүріп, бірін-бірі жетелейді» дегендей, оқушылардың білім-білік дағдыларын іс жүзінде сарапқа салатын жауапты күн – мектепішілік білім сайысының ашылу салтанатының алғашқы құттықтау сөзі мектеп директоры Нурахметова Гүлжанар Құмарғалиқызына беріледі.

Жүргізуші: «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады», - деген ұлы ақын Абай сөзі барлық уақытта да өз мәнін жойған емес. Ауданымызда өркениетті қоғам дамуына, өзгеруіне өз үлесін қосар деген ұстаздар үмітін арқалаған, білімді, қабілетті және де тәрбиелі оқушыларымыз аз емес.

Жүргізуші: Былтырғы оқу жылында мектебімізден аудандық пән олимпиадасына __ оқушы жолдама алды. __ оқушы өз білімдерін білім додасында дәлелдеп жүлделі орындармен марапатталды.
Олар:
9 - сынып оқушысы _________________________ математика пәні бойынша жүлделі __ орын
9 - сынып оқушысы _________________________ математика пәні бойынша жүлделі __ орын
9 - сынып оқушысы _________________________ математика пәні бойынша жүлделі __ орын

Жүргізуші: Мектепішілік білім сайысының ережелерімен таныстыру үшін сөз мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Мухаметжанова Диана Айтбекқызына беріледі.

Жүргізуші:
Жастығыңды ізденуге арнаңыз,
Білімдарлық танытыңыз, талмаңыз.
Асуларын білімнің бағындырып
Өрлей бер, өркендей бер самғаңыз!- дей келе
........................................................................................ орындауындағы «Тек, алға!» әні сіздердің құрметтеріңізге арналады.

Жүргізуші:
2022-2023 оқу жылының мектепішілік пән олимпиадасына қатысушы барлық шәкірттерге сәттілік пен шалқар шабыт тілейміз! Аудиторияларыңызға өтулеріңізге рұқсат.