Көкебаев Айдос Ержанұлы » Қарлығаш негізгі мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарлығаш негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
декабрь
2022

Көкебаев Айдос Ержанұлы

Өмірбаян

            Мен, Көкебаев Айдос Ержанұлы 1993 жылы 20 желтоқсанда Алматы облысы, Алакөл ауданы, Қарлығаш ауылында дүниеге келгенмін. 2001 жылы мектеп табалдырығын аттадым. 2009 жылы Қарлығаш орталау мектебін бітіріп, 2010 жылы Екпінді ауылында М.Әубәкіров орта мектебіне 10 сыныпқа қабылдандым. 2011 жылы аталған мектептің 11-сыныбын бітіріп, Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетіне «География» мамандығына оқуға түсіп, 2015 жылы «География» мамандығы бойынша білім бакалавры мамандығын алып шықтым. 2015 жылы маусым-тамыз айларында  Алакөл ауданы, Екпінді округтік әкімшілігінде жастар саясаты бойынша жұмыс істедім. 2015 жылы қыркүйек айында Алакөл ауданы, Сапақ ауылдық округіне қарасты Бибақан ауылында, «Бибақан НОМ»-не география пәнінің мұғалімі болып жұмысқа қабылдандым. 2016 жылы отбасы жағдайыма байланысты Бибақан негізгі орта мектебінен Алакөл ауданы, Қарлығаш негізгі орта мектебіне география пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналастым. Үйленгенмін  бір қыз, бір ұлым бар.

Жарым Көкебаева Гүлнәз Бақытжанқызы 1997.05.21

Қызым Ержан Айару Айдосқызы    2017.04.29

Ұлым  Ержан Рустем Айдосұлы      2020.07.20 

Менің курстарым мен сертификаттарым 

-«Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»АҚ педагогтердің цифрлық құзырлығын   дамыту тақырыбында біліктілікті арттыру курсы.17.09.2021ж №144730

- Республикалық «Даму» педагогикалық-психологиялық дамыту орталығы. Сертификат: «Жаңартылған білім беру мазмұнының түйінді идеясы мен әдіс-тәсілдері» 13.03.2019 №1189

- Сертификат ПШО; Мектеп үйлестірушісінің біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат. 21.10.2016ж. № 021398

- Сертификат ПШО; «География» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсы. 16.07.2019, № 006399

- Сертификат Республикалық «Даму» педагогикалық-психологиялық дамыту орталығы. «Білім беру мазмұнын жаңартудың тұжырымдамалық амалдары негізінде сабақты тиімді жоспарлауды ұйымдастыру». 30.09.2021. №0751

Менің жетістіктерім:

- Диплом І орын, Мұғалімдер арасындағы аудандық пән олимпиадасында І орын. 2021ж

- Диплом ІІ дәрежелі, «Тіл татулық тірегі» ақындар мүшайрасында жүлделі ІІ орын. 2017ж

- Алғыс хат, «Зияткерлік қоғам» журналында өз әдіснамаңызбен бөлісіп, кәсіби шеберлігіңізді таныта білгеніңіз үшін, бас редактор Б.Солтанбай; 2017ж

- Алғыс хат, «Алтын Ұрпақ» өндірістік білім беру орталығы. Астана қаласы желтоқсан 2017ж

- Алғыс хат, Білім бөлімінің м.а. Б.Серғазин; үшарал қ. 2017 ж.

- Екпінді ауылдық округі әкімінің алғыс хаты. 2018ж.

- «Жайдарман ойынында» жүлделі ІІІ орын. үшарал қаласы 2017ж

- Алғыс хат; Нұр Отан партиясының Алакөл аудандық филиалы. Үшарал қ. 2019ж

- Аудандық «Педагогикалық дебют-2017» байқауында ІІ орын. 2017 ж.

- «Еңсесі биік Елорда жастар көзімен» атты дебат ойынында «Үздік спикер». 2019ж

- Білім бөлімі басшысының Алғыс хаты; 2018 ж


Оқушы жетістіктері:

  • Аудандық ғылыми жоба жарысының Өлкетану секциясында І дәрежелі диплом 8-сынып оқушысы Мұхтар Альмира, 2021ж
  • Аудандық пән олимпиадасында география пәнінен ІІІ орын 9-сынып оқушысы Мұрат Айым, 2021ж
  • Аудандық 7-8 сынып оқушылары арасында пән олимпиадасында І орын, 8-сынып оқушысы Самадияр Айбын, 2021ж
  • Аудандық пән олимпиадасында Жаратылыстану пәнінен ІІ орын, 5-сынып оқушысы Құмархан Керімжан, 2020ж
  • Аудандық пән олимпиадасында география пәнінен ІІІ дәрежелі диплом, 8-сынып оқушысы Тоқтахмет Айымгүл, 2018ж