Қарлығаш НОМ Әнуар Әлімжановтың 88 жылдығына кеш ұйымдастырылды » Қарлығаш негізгі мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарлығаш негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қарлығаш НОМ Әнуар Әлімжановтың 88 жылдығына кеш ұйымдастырылды
10
май
2018

Қарлығаш НОМ Әнуар Әлімжановтың 88 жылдығына кеш ұйымдастырылды

Кеш тақырыбы: «Әлем таныған Әнуар»
Кеш мақсаты: Ә.Әлімжановтың өмірбаянымен, оқыған мектебімен, су ішкен
Ақтұмасымен, көзін көрген адамдардың естеліктерімен танысу.
Ақтұманы безендіру: шарлар, жалаушалар ілу.
Оқушылар қолдарына Әнуар Әлімжановтың суреті бейнеленген жалаушалар ұстап жолдың шетінде 73 оқушы тұрады.

Жоспар:
1. Қонақтар келе жатқанда «Ауылым» әнін қою.
2. Қонақтарды Ақтұманың бойына түсіріп, Ақтұманың суынан ішеді
3. Әнуар Әлімжановтың су ішкен Ақтұмасы туралы айту.
4. Қонақтарды Қызыл мектепке (мешітке) бастап апару.
5. Қызыл мектепте (мешітте) ауыл ақсақалдары мен ауыл имамы қонақтарды қарсы алып, Қызыл мектептің шығу тарихын, Әнуар Әлімжановтың мектепке келген кезін, оқыған кездері туралы айтылады.
6. Қонақтарды мешітке кіргізіп, Әнуар Әлімжановтың рухына құран бағышталады.
7. Қонақтарды Ә. Әлімжанов атындағы орта мектепке шығарып салу.

К е ш б а р ы с ы:
«Ауылым» әні орындалып тұрады.

1-жүргізуші: Қош келдіңіздер құрметті қонақтар!
Әжелер қонақтарды қарсы алып, қонақтарға шашу шашады.

2-жүргізуші: Әнуар аға, Әнуар аға, дана аға,
Жайылған атыңыз кең далаға,
Қазағымның бұйырыпты бағына
Ғасырда бір туатын дара тұлға!
Құрметті қонақтар ауылымыздың сусындарынан ауыз тиіңіздер.

1-жүргізуші: Құрметі қонақтар Әнуар ағамыз су ішкен Ақтұманың бойына түсіп,
Ақтұманың суынан ауыз тиіңіздер .

2-жүргізуші: Сөз кезегін мектеп директоры Гүлжанар Құмарғалиқызына
береміз.

1-жүргізуші: Өзіңдей нар тұлға іздесе қайдан табылар
Ағатайын аяулы інілері сағынар
Мықтылардың жұлдызы өшпей мәңгі жағылар
Ұлылармен өзіндей әлемге ел танылар – дегендей әлемге құлашын кең жайған Әнуар Әлімжанов ағамыз тірі болса, асқар таудай болып, төрімізде өз тағында отырар еді. Өзі жоқ, бірақ рухы бар, көркем шығармалары мен есте қалған естеліктері бар. Міне, бүгін асқар таудай ағамыздың есімін жаңғыртып жар салар күн де келіп жетті.

2-жүргізуші: Тоқтахметова Айымгул орындауында «______________________»
әнін қабыл алыңыздар

1-жүргізуші: Туған елден жаныңа тағат тауып
«Қарлығаштан» ұшып ең қанаттанып
Әлемдік әдебиетшілер қатарында
Дақпыртың жер шарына тарады анық!

2-жүргізуші: Ә.Әлімжановтың өмірбаянымен таныс болыңыздар...
Әнуар Әлімжанов Тұрлыбекұлы 1930 жылы 12 – мамырда Алматы облысы, Алакөл ауданы, Қарлығаш ауылында дүниеге келген.
Әлем жүзіне аты әйгілі жазушымыз Әнуар Әлімжановтың өмірі өзі өсіп жеткен Алатау сілімдеріне ұқсас. Ол балалық және жастық шағын өткізген жер-таулы өлке. Қытаймен шекаралас, бір кезде Қабанбай батырдың жасақтары Жоңғар шапқыншылықтарымен қиян кескі ұрыс жүргізіп, қуып шыққан Үйгентас тауларынан бастап Сардаңғол, Үшқайың тауларының баулайларын мекендеген ауылдардың бірі осы Қарлығаш ауылы. Таулы өңірдің табиғаты өзгеше, бірде басын қорғасын бұлттар шалып, түнеріп ызғар шашса, қыстың ұйтқыған бораны соғып, қасқырша ұлып, жыланша ысқырғанда зәрең зәр түбіне жетеді. Қар қалың түсіп, есік алдын қымтап тау болып үйіледі, кішігірім үйлерді басып қалады. Тау баурайындағы ауылға табиғаттың осындай аумалы-төкпелі құбылыстары адам мінез-құлығына, өсіп – өркендеуіне әсерін тигізері сөзсіз. Сол әсерге бейімделіп өскен тау ұланы – Әнуар Әлімжанов.
Әнуар ағаны шынықтырған шарт болаттай ширықтырған көгілдір таулар етегіне орналасқан шағын ауыл Қарлығашпен суы мөлдір, мұздай осы Ақтұма.
Қарлығаш ауылының тұрғындары ең алғаш осы тұмалар бойына қоныстанып орналасқан. Ауылымызда Маржан тұма, Ақтұма, Қаратұмалардың суы маржандай мөлдір, бүкіл бір ауыл тұрғындарын қамтамасыз еткен. Әнуар ағамыздың бүкіл балалық шағы осы Көгілдір таулар мен Ақтұмамен тығыз бітесіп өткен. Осы қасиетті Ақтұмадан нәр алған Әнуар бала кезінен көрген ауыртпалықтың бәрін жеңіп, әлемге танымал дәрежеге жетті.
Аяусыз ажал оны арамыздан ерте алып кетті. Әлі де еліне ақ пейілмен қызмет етіп, халқына пайдасын мол тигізер еді. Оған тағдыр жазбады. Артында мөлдір суы атқылап жататын Ақтұмасы, өзі сүйген Қарлығаш ауылының жұрты қалды. Бірақ, Әнуарды ұмытқан жоқ. Өйткені Әнуар бар еңбегін халқына арнады. Әнуар Тұрлыбекұлының жеткен жітістіктері біз үшін үлкен мақтаныш.

1-жүргізуші: __________________ орындауында «_____________________» әнін
қабыл алыңыздар

2-жүргізуші: Сөз кезегін келген қонақтарға береміз...
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
1-жүргізуші: Бұл өмірді сүруге әркімнің - ақ халы бар
Шын өмірді сүрудің кереметтей әні бар
Тамырында Жетісу, Үйгентастың қаны бар
Алты Алашты аспанға алып шыққан - Әнуар

2-жүргізуші: Оқушыларға арнауларына кезек берейік....
Абдрахан Айбике, Рахымов Мұхамет, Көкебаева Арайлым

1-жүргізуші: Әдемі ойлар айтылмай, сый құрметке жолығар
Бірге кетті өзінмен алғыс нұрға шомылар
Өзіндей ұл сүйген, біздің елдің бағы бар
Сіздей ұлдар болмаса, бізді әлем неғылар

2-жүргізуші: _______________________ орындауында «____________________» әні

1-жүргізуші: Отырарды оятып, қазып кеткен Әнуар
Махамбетін тірілтіп, жазып кеткен Әнуар
Қара сұңқар көпірін, салып кеткен Әнуар
Жұлдыздайын жарқырап, ағып кеткен Әнуар

2-жүргізуші: Әнуар Әлімжановтың 88 жылдығына арналған кешіміз аяқталды.
Қош сау болыңыздар!!!
Теги:
123456zxc