Жарахметов Әділет Талапұлы » Қарлығаш негізгі мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарлығаш негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
декабрь
2022

Жарахметов Әділет Талапұлы

Өмірбаян

Мен, Жарахметов Әділет Талапұлы 1997 жылы 20 сәуірде Алматы облысы, Алакөл ауданы, Екпінді ауылында дүниеге келгенмін. 2003 жылы М.Әубәкіров атындағы орта мектебінің табалдырығын аттадым. 2014 жылы аталған мектептің 11-сыныбын аяқтадым. 2015 жылы Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетіне «Физика» мамандығына оқуға түсіп, 2019 жылы «Физика» мамандығы бойынша білім бакалавры мамандығын алып шықтым. 2021 жылы аталған университеттің «Математика» мамандығын аяқтап екінші жоғары дипломымды алдым.2019 жылы Алматы облысы,Алалөл ауданы, Қарлығаш ауылы, «Қарлығаш НОМ»-не физика пәнінің мұғалімі болып жұмысқа қабылдандым. 2022 жылы шаңырақ көтердім.

Менің курстарым мен сертификаттарым 

-«Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»АҚ педагогтердің цифрлық құзырлығын дамыту тақырыбында біліктілікті арттыру курсы.05.09.2021ж №062628

- Республикалық «Даму» педагогикалық-психологиялық дамыту орталығы. Сертификат: «Білім беру мазмұнын жаңартудың тұжарымдамалық амалдары негізінде сабақты тиімді жоспарлауды ұйымдастыру» 30.09.2021 №0749

- Республикалық «Даму» педагогикалық-психологиялық дамыту орталығы. Сертификат: «Физика пәнін оқытуда инновациялық әдіс тәсілдерді қолдану жолдары» 16.04.2021 №1367

- Республикалық «Даму» педагогикалық-психологиялық дамыту орталығы. Сертификат: «Халықаралық зерттеулердегі (PISA,TIMMS,PIRLS) қиындықтар мен  оны практикада шешу жолдары» 18.02.2022 №24001

- Сертификат ПШО;Қазақстан Республикасы педагогтерінің біліктілігін арттырудың «Мектептегі математика сабағы: басымдықтар және жетілдіруу стратегиялары» (педагогтердің пәндік құзыреттілігін дамыту, функционалдық саувттылықты қалыптастыру; сабақта инклюзивті білім беру ортасын құру, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау бойынша) білім беру  бағдарламасы бойынша 160 академиялық сағат. 14.09.2022ж.

Менің жетістіктерім:

- Диплом ІI орын, Мұғалімдер арасындағы аудандық пән олимпиадасында ІІ орын. 2021ж

- Диплом ІІІ дәрежелі, аудандық жас мамандарға арналған «Педагогикалық дебют-2021» байқауында жүлделі ІІІ орын. 2021ж

-  «Заманауи сабақ-педагогтың кәсіби өсуінің көрсеткіші » тақырыбындағы аудандық үздік сабақтар фестивалінде физика бағыты бойынша жүлделі ІІІ орын; 2021ж

- Алғыс хат, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру мақсатында «IQ DODA» зияткерлік ойынына қатысқаны үшін;  Талдықорған қаласы, 2020ж.

Похожие публикации:

12 декабрь 2022 Аят Серікгүл
12 декабрь 2022 Ерқуат Абылай