1 мамыр - бірлік күні » Қарлығаш негізгі мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарлығаш негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
май
2023

1 мамыр - бірлік күні

Қарлығаш негізгі орта мектебінде  өткізілетін «Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан!» атты 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған мерекелік

 іс-шараның сценариі.


Мақсаты: Халықтар арасындағы достықты нығайту, осы мақсатта оушыларбың достық қарым-қатынастарын қалыптастыруды жалғастыру, Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу.


1-жүргізуші: Бірінші мамыр!

                       Достықтың ұлы мейрамы

                       Тоғысар сенде жандардың ізгі ойлары

                       Татулық пенен бірлікке ынтымақ, адамзат,

                       Өзіңді сәнмен қошемет етіп тойлайды!

1-жүргізуші: Қайырлы күн қымбатты ұстаздар, оқушылар, бүгінгі шараға қатысушылар! Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған «Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан!» - атты мерекелік шарамызға қош келдіңіздер! 

2- жүргізуші: Қазақстан Республикасын мекен еткен 130 дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастыққа, бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғаны мен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды, сондай-ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдылығы үшін ерекше бағалайды, бастысы өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте, туыс болуды көздейді. Бүгінгі шараның да мақсаты Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу.

1-жүргізуші: Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Ендеше елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстар өкілдерінің татулығы артып, Қазақ елінің нығайып, өркендеуіне өз үлестерін қосты. 

2-жүргізуші: Күтетұғын асыға әр күнін біз,

                       Арналатын ең тәтті ән жырымыз

                       Мерекелі мерейлі айдың басы

                       Құтты болсын Бірінші Мамырымыз! – дей келе құттықтау сөз мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Мухаметжановаь Диана Айтбекқызына беріледі.


1-жүргізуші: Тілі басқа тілегі бір біргеміз,

                      Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз.

                      Мақсат ортақ, бейбітшілік ұран боп

                      Татулықтан бұзылмасын іргеміз.

4-сыныптың орындауындағы украйн биін қабыл алыңыздар. 


2-жүргізуші: Туған жердей жат елдің болмайтыны ақиқат

                      Оған көңіл толмайтыны ақиқат.

                      Алтын торда алтын құс өсірсең де, бұлбұл құс

                      Өскен бағы болмаса, қонбайтыны ақиқат! – Мектепалды даярлық және 1 сынып оқушыларының орындауында өзбек биі


1-жүргізуші: 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі еліміз үшін де, әрбір тұрғын үшін де ең қымбат ғажайып. Тәуелсіздігіміздің әр кезеңінде көңіліңді көтеретін жылы шуақ, елдің ертеңгі көрінісін көз алдыңа келтіретін нұрлы қуат бар. Жаңа Қазақстанның көркейіп нұрлануына бірлесе үлес қосайық. Схнада 8-сыныптың орындауында орыс биі


2-жүргізуші: Қазір республикамыздың мектептері 9 тілде: қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр, тәжік, украин, татар, неміс және ағылшын тілдерінде білім береді. 15 тіл ана тіл ретінде оқылады. 22 ұлттық-мәдени бірлестіктердің жексенбілік мектебі бар.


1-жүргізуші: Ынтымақ, бірлік, достық, татулық

                      Бабалардан қалған дәстүр айтулы

                      Түгелденіп төртеуіміз төрде тұр

                      Тәуелсіздік туы мәңгі тұғырлы

Сахнада 7 сынып оқушылары,  араб биі


2-жүргізуші: Назданып бүгін өмір нұрлы күні,

                      Қыр беттің қызғалдаққа тұнды гүлі.

                      Мамыр боп, айбары асып асқақтайды,

                      Еңбек, Бақыт, Береке, Бірлік күні. – дей келе сахнаға 2 сынып оқушысы Мақсатқызы Айтолқынның орындауында корей биін қабыл алыңыздар.


1-жүргізуші:   Қаһарман, қас батырға дабылы сай,

                       Арманға жетелейтін ағыны бай.

                       Мен сені қуанышпен қарсы аламын,

                       Ажарың ақ – шуақты мамырым – ай. 3-сыныптың орындауында  ұйғыр биі


2-жүргізуші: Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған «Отан!» - деп сыбырлаған

Жаным менің кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол да оның шырылдаған. 9 сынып оқушыларының Түрік би


1-жүргізуші: Бұл күні қырқаларға гүл тұнады,

                      Бар әлем бір-ақ сәтте құлпырады.

                      Әлемге дос құшағын жая келген, 

                     Армысың, бар халқымның ынтымағы 5-6сынып оқушыларының орындауында Қара жорға биі


2-жүргізуші: Ұлыстарымыз тамыр болған ежелден,

                       Кімдер қашсын қазақтайын ер елден

                      Достығымыз ғасырларға жарасқан

                      Туған елім, шарықтай бер кемелден! -"Мен қазақпын" әні   Тоқтахмет Аян


1-жүргізуші: «Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан» - атты 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шарамыз аяқталды.   Мерекеміз ары қарай жәрмеңкемен ұласады.  Қош сау болыңыздар!