Алтын күз » Қарлығаш негізгі мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарлығаш негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
март
2023

Алтын күз

Қарлығаш негізгі орта мектебі КММ
«Алтын күз» мерекесіне арналған іс-шараның
СЦЕНАРИІ

1-жүргізуші: Кеш жарық, қымбатты ұстаздар, оқушылар! «Аяулы күз, Алтын күз - 2022» атты күзгі бал кешіне қош келдіңіздер. Бәрекелді, мерекелі алтын күз құтты болсын. Қасиетті күз мезгілінің бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
2-жүргізуші: Күз дегеніміз-жазира даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз - байлық, молшылық. Сондықтанда да, адамдар күзді берекелі күз, алтын күз деп баға береді. Алтын дейтін себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап - сары түске боялады, екіншіден, алтын байлықтың белгісі. Күзде егінді жинап алатын болған ата - бабаларымыз «Сабан той» өткізіп, күз берекесін тойлап отырса, әрбір мектепте осы күз мерекесін тойлау, кештер өткізу дәстүрге айналған.
1-жүргізуші: Сол дәстүрді жалғастыра отырып, «Аяулы күз - 2022» мерекесін ашық деп жариялаймыз, меркемізге қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: «Аяулы күз, Алтын күз - 2022» мерекемізді бастау үшін сөз мектеп директоры Нурахметова ягүлжанар Құмарғалиқызына беріледі.
1-жүргізуші: «Аяулы күз - 2022» атты кешіміз 2 кезеңнен тұрады. 1 кезеңде жоғарғы және төменгі сыныптар жұптастырылған. Командаларымызға берілген тапсырма жаз бойы еңбек пен берекенің арқасында жеткен елеулі еңбектің жемістерінен жасалған көрме, әр команда өз көрмесін таныстыруы қажет. 2 ші кезең алтын күз мерекесіне арналған мерекелік бағдарламалар, ендеше барлықтарыңызды бізбен бірге болуға шақырамыз, мереке құтты болсын!
2-жүргізуші: Бүгінгі кешті қай топ бірінші бастайтынын анықтау үшін жеребе алынады. Алған нөмерлері бойынша командалар өз көрмелерін таныстырады.
1 болып .................................................................шығады,
2 болып ................................................................ шығады,
3 болып ................................................................ шығады
4 болып ................................................................ шығады
5 болып ................................................................ шығады
1-жүргізуші: Күз мейрамы құтты болсын баршаға,
Күздің сәні келіп қапты ортаға.
Әділқазы алқасын таныстырып,
Кетейінші осы отырған баршаңа,- дей отырып құрметті көрермендер сіздерді бүгінгі сайысымызды саралап, әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.
1. Мектебіміздің директоры Нурахметова Гүлжанар Құмарғалиқызы
2. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Көкебаев Айдос Ержанұлы
3. Мектеп психологы Сүлейменова Майра Рахымқызы
2-жүргізуші: Ендеше сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер
1 кезең. Көрмелерді таныстыру «Күз сыйы» қолөнер бөлімінде қатысушыларымыз күзгі сыйдан өз шығармашылықтары бойынша дайындап әкелген туындыларымен таныстырсын.
Құрметті көпшілік көрерменім,
Жақсылыққа әрдайым артқан сенім.
Ақжол тілеп үкілі үміттерге,
1-жүргізуші: Көрме таныстыру шартына кезек бердім.
1. Алғашқы болып сайысымызды бастайтын ............ сыныбынан құралған................. тобы
2. Келесі ............ сыныбының оқушыларынан құралған .................................................. тобы
3. Ортада ............ сыныбының оқушыларынан құралған ................................................. тобы
4. Ортада ............ сыныбының оқушыларынан құралған ................................................. тобы
5. Осы кезеңді аяқтайтын ............сыныбының оқушыларынан құралған ........................ тобы



2-жүргізуші: Көрсетеді өнер әр салада сайысып,
Қимылдары жүргендей бір жай ұшып
Мерекелік күзгі сыйды жасапты,
Ұлдарымыз бен қыздарымыз бірлесіп.
«Күз сыйы» қолөнер бөлімінде қатысушыларымыз күзгі сыйдан өз шығармашылықтары бойынша дайындап әкелген туындыларымен таныстырсын. Олай болса, топтарымыздың өздері дайындаған табиғи материалдан әкелген жұмыстарын таныстырып өтсін

1-жүргізуші: Шалқытып «Алтын күзде» ән салайық,
Өнерпаз, өрендерге тамсанайық,
Ән-шашуын біздерге алып келген,
Өнерпаздарды ортаға шақырайық – дей келе кешіміздің 2 ші кезеңі мерекелік бағдарламаларды ұсынуға рұқсат етіңіздер!


1. Мектепалды даярлық тобының өнерін назарларыңызға ұсынамыз
2. 5 сынып оқушыларының «Алтын күз»
3. 2 сынып оқушысы Мақсатқызы Айтолқынның орындауындағы тамаша әнді назарларыңызға ұсынамыз
4. 3 сынып оқушысы Дәулетқали Ерасыл
5. 7-8 сынып оқушыларының флешмоб биі
6. 9 сынып оқушылары Тоқтахметова Нұргүл мен Мақсатқызы Назеркенің орындауындағ әнге кезек береміз
7. 9 сынып оқушыларының флешмоб биі
8. 1 сынып оқушыларының өнерін тамашалайық
9. 6-сынып оқушыларын әсем әнімен ортаға шақырамыз. «Көңілді күн» әні.
10. 4 – сынып оқушылары Қапас Аяла мен Оспанқұлова Аминаның «Күз тамаша» әніне кезек береміз.


2-жүргізуші: Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар
Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,
Ойлы орта кеңейсін күннен - күнге
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,- деп отырып бүгінгі «Аяулы күз - 2022» атты мерекелік кешімізде қолөнер бұйымдарынан дайындалған көрмелерді бағалаған әділ қазы алқаларына сөз кезегін берсек.
1-жүргізуші: Құрметті көрермендер! Жеңімпаздарымызға биік шындарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін дей отырып, кешімізді осымен аяқтаймыз! Жеңісті де жемісті күндерде кездескенше қош сау болыңыздар!!!