олимпиада ашылу сценарий » Қарлығаш негізгі мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарлығаш негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
декабрь
2022

олимпиада ашылу сценарий

Мектепішілік пән олимпиадасының ашылу салтанаты


Өтетін күні: 21.11.2022

Орны: Қарлығаш НОМ КММ


1-жүргізуші:

Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар, 2022-2023 оқу жылының  білім додасына қатысушы оқушылар!
 
 2-жүргізуші: Олай болса, ғылым мен білімді ең басты қазынам, байлығым деп есептеп, білімнің ең биік шыңдарын бағындыруға жасаған алғашқы қадамдарыңның бірі –  мектепішілік пән олимпиадасының ашылу салтанатына қош келдіңіздер!
 
 

                                                             Г И М Н
 
 

1-Жүргізуші:  «Жеке дарын жетілмейді, дарындар сайыса жүріп, бірін-бірі жетелейді» дегендей, оқушылардың білім-білік дағдыларын іс жүзінде сарапқа салатын жауапты күн – аудандық білім сайысының ашылу салтанатының алғашқы құттықтау сөзі мектеп директоры Нурахметова Гүлжанар Құмарғалиқызына  беріледі. 


2-жүргізуші:  Жасампаз елдің жастарына әркез сеніммен қарайтын Елбасы: «Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің еңсесі биік болады», - деген еді. Оның «Өмір бойы білім алу» қағидаты әр ұрпақтың ұранына айналуы тиіс. Өйткені адам үнемі ізденісте болады, білімділікке талпынады, даналыққа жол ашады. 
 
 

1-жүргізуші:  «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады», - деген ұлы ақын Абайдың сөзі барлық уақытта да өз мәнін жойған емес. Ауданымызда өркениетті қоғам дамуына, өзгеруіне өз үлесін қосар деген ұстаздар үмітін арқалаған, білімді, қабілетті және де тәрбиелі оқушыларымыз аз емес. 

2-жүргізуші

Былтырғы оқу жылы аудандық олимпиадаға қатысып жүлделі орын алған оқушыларымыз қазір біздің ортамызда.

Олай болса аудандық, облыстық байқауларда оза шауып мектебімізге талай жүлдемен оралған оқушымыз «Жас Ұлан» ұйымының мүшесі Ғалымжанқызы Айшаға сөз кезегін береміз. 
 1-жүргізуші:

Жастығыңды ізденуге арнаңыз,
 Білімдарлық танытыңыз, талмаңыз.
 Асуларын білімнің бағындырып,
  Өрлей бер, өркендей бер самғаңыз!

2-жүргізуші:

2022-2023 оқу жылының 5-6 сынып оқушылары арасындағы аудандық пән олимпиадасына қатысушы барлық шәкірттерге сәттілік пен шалқар шабыт тілейміз!