Қарлығаш НОМ Ұлы жеңістің 73 жылдығы аталып өтті... » Қарлығаш негізгі мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарлығаш негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Қарлығаш НОМ Ұлы жеңістің 73 жылдығы аталып өтті...
10
май
2018

Қарлығаш НОМ Ұлы жеңістің 73 жылдығы аталып өтті...

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 73 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ерлік өлмейді, ер ұмытылмайды» салтанатты жиынның
Сценрийі

Өтетін мерзімі: 9 мамыр Өтетін орны: Қарлығаш негізгі орта мектебі

Өткізілу орынды безендіру талаптары:
1.Мерекелік безендірулер (шарлар, гүлдер және т.б)
Шақырылатын қонақтар: еңбек ардагерлері, ауылымызға еңбегі сіңіп жүрген азаматтар.

1-жүргізуші: Құрметті халайық! Өлімге кіріп өмірді сақтаған, қырғынға кіріп тірлікті сақтаған алапат соғысты бастаушы фашизмді жеңген қаһарман халқымыздың жеңісіне 73 жыл толуына орай «Ерлік өлмейді, ер ұмытылмайды атты салтанатты жиынға ҚР Мемлекеттік Туы енгізілсін.
Гимн..

2- жүргізуші:Тарих көші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бірі - әлемді дүр сілкіндірген ІІ дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетті батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкімді ешқашан ұмытпақ емес. Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941 жылы маусымның 22- де болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9-мамырда бұл оқиға Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 73 жыл өтті.

1- жүргізуші:
Жеңіс... Иә, оның сан милиондаған адамдар 4 жыл бойы минуттап, сағаттап сарыла күтті емес пе? Ақыры, олардың үміті мен сенімі ақталды. Тілектері орындалды. Бірақ сол жеңіс оңайлық пен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін от кешіп миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Жауымен жан алмай шайқасып, ерлік пен ерен үлгілерін көрсетті.
Ана , жарын жоғалтып жесір,бала әкесінен, анасынан айырылып жетім атанды, Фашистердің тұтқын лагерінде қанша ана мен бала айуандықпен азаптап өлтірілді, Ал, тылда қалған қарттар, аналар мен бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қайғы- қасіретін арқалай жүріп, бірде аш, бірде тоқ тынбай жұмыс істеді. Бірақ ешкімнің сағы сынбады. Жігері жасымады. Олардың бойындағы сапқа тұрған көптеген ұлт өкілдерінің тізе қосқан бірлігі мен ерлігі Жеңіс сағатын жақындата түсті.

2 - жүргізуші:
Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!
Болмасын соғыс! Болмасын соғыс! Болмасын!
Осы тілекпен барша халайық жүребер!
Алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры Нұрахметова Гүлжанар Құмарғалиқызына беріледі.




1- жүргізуші:
Отаным, еркелеймін енді кімге,
Өзіңмен нені болса көрем бірге
Қалайша қабырғама батпас менің
Басына қатер болды төнген күнге.
Келесі сөз кезегі Ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы, тыл ардагері Нұрахметов Тоқтар атамызға беріледі.

1- жүргізуші:
Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кемде кем. Жүз мыңдаған ата-әкелеріміз соғыстың алғашқы сәтінде –ақ майданға аттанды. Жауға қарсы атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына. Жеңіс күнінің қайғысы мен қасіретін басынан өткізген мына біздер мен сіздерге нұрлы да шуақты өмірді сыйлаған ардақты да, аяулы аталарымызды бір минут үнсіздікпен еске алайық. (метроном)
2 – жүргізуші
Жеңіс, Жеңіс мәңгі өзіңді жырлаймын!
Сенімен қуанышым, бір қайғым
Жүзімізді шаттығына бөледі
Мерекесі мамырдағы нұрлы айдың – дей келе Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткішке гүл шоғы қойылсын, гүл шоғын ескерткішке қою рәсімі... ____________________________________________________________________.
____________________________________________________________________
(дариға дәурен күйі ойнап тұрады)

1- жүргізуші:Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен-аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!

2- жүргізуші: Ұлы жеңістің 73 жыл толуына орай «Ерлік өлмейді, ер ұмытылмайды атты салтанатты жиынан Мемлекеттік Ту шығарылсын.
\Гимн\









1-Жүргізуші: Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты. Олай болса мектеп оқушыларының "Ерлік өлмейді, ер ұмытылмайды" атты мерекелік концерттік бағдарламасын бастауға рұқсат етіңіздер.

бастауыш сынып оқушыларының өлең жолдарына кезек берсек.
(Бастауыш сынып оқушылары өлең жолдары)




2- жүргізуші:
Соғыс жалмап аға-іні,бауырды,
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.
Жалғызынан айырыпты ананы,
Әкесінен айырыпты баланы. 7- сынып оқушыларының_____________ орындауында «_____________» әнін қабыл алыңыздар

1-жүргізуші: Ұлы Отан соғысындағы ұлы Жеңіс достық пен бірлікті жырлаған, ер намысы мен боп атылған, ел даусысы боп шақырған жеңіс. Осы соғыста қасық қанын қиып ұрыс даласынан қайтпай қалған қаһармандар қаншама! Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тірлігіміздің нұрындай мәңгі шуағын шашпақ!
8 - сынып оқушыларының ___________ әніне кезек береміз

1-Жүргізуші: Бақыт сыйлап жатады әр күн
Санамызға жарық берген
Әкелері аталардың
Бұл Жеңісті алып келген
Қуантамыз ән сап жұртты,
Келе берсін бақыт таңы.
Жеңіс күнің болсын құтты,
Батырлардың ұрпақтары – деп келесі кезекті 9 -сынып оқушыларының жеңіс туралы әніне береміз!

2- жүргізуші:
Тыныштық! Жаса тыныштық!
Осы сөз бізге тым ыстық.
Көркейе берсін еліміз.
Көркейе берсін ырыс-құт! Осымен мерекелік аяқталды. жеңісті, жемісті күндерде жолыққанша. аман сау болыңыздар!