Табысты мектеп-білікті басшы жетістігі » Қарлығаш негізгі мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарлығаш негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Табысты мектеп-білікті басшы жетістігі
25
январь
2019

Табысты мектеп-білікті басшы жетістігі

Табысты мектеп-білікті басшы жетістігі
«Ешкімге ақыл айтпа, өзгелерге тек іс-әрекетіңмен көрсет»- Энштейн айтқандай , 2018 жыл – біздің мектеп үшін табысты жыл болды десек, артық атқанымыз емес. Осы бір жылдың ішінде мектеп жетістіктерін атап өтетін болсақ, «Фариза, Фаризажан, Фариза қыз» атты республикалық «Көркем сөз және ән» байқауынан Құмарғали Балжан және Тоқтахмет Айымгүл І орын ,. Республикалық «Білген бәйге» математика пәні бойынша олимпиада жүлдегері Мұрат Исламбек 1 сынып оқушысы, аудандық «Білген бәйге» математика пәні бойынша олимпиада 3-сынып оқушысы Тоқтасын Саян ІІІ орын, Қапас Жібек сертификат, Мұрат Исламбек І орын ,аудандық «Атамекен музыкалық-этнографиялық» байқауда ІІ орын аудандық «Жыланды опен» математика пәні бойынша олимпиада 3-4 сынып оқушылары І орын Пони интеллектуалды ойыны 11 оқушы жүлдегер Ақбота интеллектуалды ойыны 6 оқушы жүлдегер ,Халықаралық дүниежүзі тарихы пәнінен «Золотое руно» олимпиадасы 8 оқушы жүлдегер ,аудандық ғылыми жоба сайысы 8-сынып оқушысы Құмарғали Балжан биология пәні бойынша ІІ орын «Зерде» ғылыми жоба сайысы 3-сынып оқушысы Ғалымжанқызы Айша экология секциясы бойынша І орын аудандық пәндер олимпиадасы 1 оқушы ІІ орын, 3 оқушы ІІІ орын иегері , аудандық «Әнші-бишібалапан-2018» байқауы «Қарлығаш» тобы ІІІ орын, аймақтық дойбы жарысы 8-сынып оқушысы Көкебаева Арайлым І орын аймақтық «Білімділер» сайысы 8-9 сынып оқушылары ІІ орын ,«Русский медвежонок» интелектуалды марафон 2 оқушы қатысып, Абдрахан Сагдиана І орын, Әубәкір Қымбат ІІ орын, «British bulldog» интелектуалдық марафон Данабеков Нұрсұлтан ІІІ орын.
Бастауыш сынып мұғалімі Жилибаева А.Т. аудандық «Үздік бастауыш сынып мұғалімі – 2018» байқауында І орын, аудандық Елбасының «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» мақаласы аясында өткізілген жас ақындар мүшайрасында Көкебаев А.Е. мен Шотамбеков Ғ.Т. қатысып ІІ орын,
8 – сынып жетекшісі Айтбаев Ж.С. «Үздік сынып жетекші – 2018» байқауына қатысып «Шығармашыл жетекші» номинациясымен марапатталды. Математика пәні мұғалімі Д.Сайлаубекқызы «Жыл мұғалімі-2018» байқауында «Білімді мұғалім» номинациясы, «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы-2018» байқауында «Ізденімпаз төраға» номинациясы «Жыл психологы-2018» байқауы Сулейменова Майра ІІІ орын иеленді.
Мамандықтың бәрі жақсы десек те, ұстаз орны ерекше. Әрине, бәрі емес, бала жанымен біте қайнасқандары ғана. Ұстаздықты бар ұлағаттың басы деп білетіндердің ғана орны- мектеп.Осындай мектептің жан дүниесін түсінетін жандардың бірі- Нұрахметова Гүлжанар Құмарғалиқызы .
Гүлжанар Құмарғалиқызы өз жұмысына жоғарғы жауапкершілікпен , шынайы шабытпен, қажырлы қабілетпен дайындалып жүретін мектеп басшысы.. Сондай –ақ, Алматы қаласындағы педагогикалық шеберлік орталығынан ұзақ мерзімді курс оқу үстінде. Осы курс негізінде біздің басшымыздың жан дүниесі,білімпаздығы, жоғары құзыреттілігі өзгеріске бет бұрудағы ынта жігері , одан әрі өзгеруіне әсерін тигізді. Басшымыздың өзгеру нәтижесінде , мектептің даму жоспары өзгеріп, ұжымының бірлігі мен жауапкершілігі арта түсіп, білім мен тәрбие саласына түбегейлі өзгерістер еніп, сыныптардың білім сапасы көтеріліп, оқушылар өз үндерін еркін айтып, кітап оқуға деген қызығушылықтары арта түсті.
Абай атамыз «сен де бір кірпіш дүниеге,кетігін тап та, бар қалан» деп айтқандай әр оқушыға білім беріп, оған өмірлік бағыт сілтеп өмірге «кірпіш» болып қалануына Гүлжанар Құмарғалиқызы зор үлес қосушы ұстаз. Осындай . білім нәрін себетін, адамгершілік дәнін егетін басты тұлғамыз- басшымыздың, ұстазымыздың жетістігінің арқасында , Қарлығаш негізгі орта мектебі «Табысты мектеп» атанбақ. Олай болса, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін ұстаз – баға жетпес биік тұлға.
Ендеше, Гүлжанар Құмарғалиқызын егемен елдің ертеңіне үлес қосатын , тәуелсіз мемлекеттің саналы ұрпағы саналатын ,шәкірттеріміздің ізгі сарайын біліммен сәулелендіріп, білімнің биігінен көру-біз үшін үлкен бақыт.


Қарлығаш негізгі орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С.Аят