астауыш сынып оқушыларының омыртқа жотасының қалыптасуы » Қарлығаш негізгі мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарлығаш негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » астауыш сынып оқушыларының омыртқа жотасының қалыптасуы
25
январь
2019

астауыш сынып оқушыларының омыртқа жотасының қалыптасуы

Қазақстан Республикасының
Алматы облысы
Алакөл ауданы
«Қарлығаш негізгі орта мектебі»КММ




Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының омыртқа жотасының қалыптасуы

Секциясы: Биология

Автор: Қарлығаш негізгі орта мектебінің 8-сынып оқушысы Құмарғали Балжан

Жетекшісі: Мухаметжанова Диана Айтбекқызы биология пәнінің мұғалімі












2018-2019 оқу жылы
Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының омыртқа жотасының қалыптасуы

Оқушының аты - жөні: Құмарғали Балжан

Сыныбы: 8

Мектебі: «Қарлығаш негізгі орта мектебі» КММ

Аудан: Алакөл

Секция: Биология

Жоба жетекшісінің аты - жөні: Мухаметжанова Диана Айтбекқызы

Мақсаты:
1. Төменгі сынып оқушыларының омыртқа жотасының қисаюы, сколиоз, лордоз, кифоз қаупінен сақтандырудың алдын алу және оқушылардың дене келбетін қалыптастыруға әсер ететін дене шынықтыру әдістерін қарастыру. Осы мақсатқа байланысты ғылыми жоба алдына мынандай міндеттер қойылды:
• Омыртқа жотасының бұзылуының негізгі себептерін зерттеу;
• Физикалық жаттығулардың адам ағзасына әсерін зерттеу;
• Оқушылардың дене келбетін қалыптастыруға әсер ететін дене шынықтыру тәсілдерін қарастыру;

Тапсырма: Бастауыш сынып оқушыларының омыртқа жотасының қалыптасуына әсер ететін факторларды зерттеу. Алдын алуға байланысты дене шынықтыру әдістерін қарастыру

Жаңашылдығы: Осы ғылыми жұмыстың жаңалығы омыртқа жотасының орналасуын қарау арқылы аурулардан сақтандырудың алдын алу және оқушылардың дене келбетін қалыптастыруға әсер ететін дене шынықтыру әдістерін қарастыру.

Зерттеу бөлімі: Жұмыс 3 бөлімнен , кіріспе, зерттеу бөлім және қорытындыдан тұрады.

Қорытынды: Тәуелсіз еліміз үшiн болашақ ұрпақтың дене келбетінің дұрыс қалыптасуы үлкен маңыздылыққа ие.
Жоспар:
I.Кіріспе
II.Зерттеу бөлімі
1.Төменгі сынып оқушыларының дене келбетінің сипаттамасы
2.Омыртқа жотасының ауытқулары.
3.Мектеп жиһаздарына қойылатын гигиеналық талаптар
4. Дене шынықтыру жаттығуларының төменгі сынып оқушыларының дене келбетін қалыптастырудағы маңызы
III.Қорытынды
ІҮ. Қосымша материалдар
Ү. Пайдаланған әдебиеттер













Кіріспе
Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке, демократиялық дәстүрге өту жағдайында, рухани - адамгершілік негізінде дене тәрбиесін және спортты сабақтастыра дамытып, салауатты өмір сүру дағдылары арқылы дене келбетін қалыптастырудың өзектілігі артуда. Елiмiздiң өндірістiк потенциалы мен қорғаныс кызметiне тiкелей керi әсер етіп отырған жағдай, елдiң ертеңгi болашағы, жалпы орта мектептеріндегі оқушылардың денсаулықтарының өте төменгi деңгейде болуы.
Жалпы, адам баласының дене қозғалысының сымбатты да түзу болуы оның денсаулығын білдіреді. Адам өсіп-жетілу, еңбек ету процестерінде, сондай-ақ, дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдану барысында қалыптасады. Мүсіннің дұрыс болмауы бала денсаулығы үшін өте маңызды. Мүсін – тыныш тұрған немесе жүрген адамның табиғи қалпы. Қалыпты мүсін бас пен омыртқаның тік тұруымен, бөксенің симметриялық жағдайымен, аяқтардың теңдей ұзындығымен, табандардың дұрыс тұруымен сипатталады. Мүсін бұзылса, тыныс алу жүйесі мен ішкі ағзалардың қызметі де бұзылады.
Мүсінннің бұзылуы соңғы жылдары етек алып барады. Бұл әр қилы жастағы балаларды профилактикалық тексеру барысында анықталған жайт. Тексеру кезінде сондай-ақ мектеп оқушылары өскен сайын тірек-қимыл аппаратының өзгерістері жиілей түсетіндігі анықталды.
Дене тәрбиесімен айналысу омыртқа жотасының қисаюы, бүкірлік, жалпақ табандылық секілді мүсін кемшіліктерін жоюға мүмкіндік береді. Жаттығулардың көмегімен бұлшықеттің әлсіздігін, көкіректің қабысқанын, иықтың қушықтығын қалпына келтіруге болады.
Сымбаттың қалыптасуы жүре пайда болады. Бұл процесс балалық, тіпті сәбилік кезеңнен баланың дұрыс қимылдар жасауын, дұрыс отырып тұруын, жүріс-тұрысын үнемі бақылауға байланысты қалыптасады. Бүгінгі таңда оқушылардың денсаулығын сақтау, білім мен салауатты өмір салтын қалыптастыру күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе.

Зерттеу бөлімі
1. Төменгі сынып оқушыларының дене келбетінің сипаттамасы Дене келбетінің дұрыс дамуын жас кезден бастап қалыптастыру қажет.Дене келбетінің қалыптасуы негізінен алты, жеті жаста жүреді. Оның дамуына кеуде бұлшық еттерінің әсері көп. Осы еттердің ширығуы арқылы мүсінді ұстап тұрады және қалыптастырады. Ал, ширығудың әлсіреу салдарынан мүсін бұзылады. Жас балалардың кеуде еттері әлсіз дамығандықтан, олардың дене келбеті солқылдақ келеді, пішіні тез өзгереді. Дене келбетін қалыптастыру – дене тәрбиесінің басты міндеттерінің бірі. Ең бастысы, барлық бұлшық ет ұлпаларының бірқалыпты дамуын қамтамасыз ететін жаттығулар жасауға дағдылану.
Қандай жағдай дене келбетін бұзады? Тұрғанда, отырғанда, дененің дұрыс қалыпта болмауы, арқа еттерінің шынықпауы салдарынан олардың дұрыс жетілмеуі омыртқа жотасын қисайтады. Кітап салынған сөмкені бір қолда ұстап жүргеннен де омыртқа жотасы қисайып кетеді. Өте жұмсақ немесе дене салмағымен майысып кететін төсекте ұйықтауға болмайды. Ауыр жүк көтергенде омыртқа жотасын түзу, арқаны тік ұстап, нық басып тұру қажет. Жүктің ауырлығынан омыртқалар ығысып немесе тіпті ажырап кетуі де мүмкін. Жүк көтергенде кеудені бұру өте қауіпті. Компьютер алдында ұзақ отыру да омыртқа жотасының қисаюына әкеледі.
Дене келбетін дұрыс қалыптастыруға бірнеше факторлар әсер етеді:
• Тұқым қуалаушылық;
• Әлеуметтік жағдай;
• Тамақтану;
• Еңбек пен дем алысты тиімді пайдалану.
Дене келбетін дұрыс қалыптастыру өзінен-өзі бола салмайды. Оның негізін бала кезден бастап қалыптастыру қажет. Тұлғаны қалыптастыру тек бұлшықеттерге ғана әсер етіп қоймай, бүкіл ағзаға әсер етеді.
Бір орында отыру, яғни орындық пен үстелдің өлшемдері баланың бойы мен дене бітіміне сай болмаса омыртқа жотасы қисаяды. Сол үшін балалармен күнделікті дене жаттығуларын жасау керек. Қимылды ойындар тірек-қимыл аппаратын және денсаулықты жақсартады. Көбіне омыртқа жотасының қисаюы жүре пайда болады. Бұл әлсіз жетілген балаларда кездеседі. Арқа жотасының қисаюы дегенеративті өзгерістердің дамуына әсер етеді және кеуде жасушаларының қызметтік жетілуіне қолайсыз жағдай туғызады. Мектепке дейінгі және бастауыш сыныптағы оқушылардың омыртқа жотасының дұрыс қалыптасуын қадағалау керек. Себебі, балалардың көптеген сабақтары (сурет, оқу, үй жұмысын жасау) орындықта отырған кезде орындалады. Отырған кезде баланың арқасын дұрыс ұстауын қадағалау керек. Орындық үстелге жақын тұру керек. Балаға тым жақын оқуға және жазуға болмайды. Бұл омыртқа жотасына ғана емес көруге де әсер етеді.
Бастауыш сынып жасы кездерінде балаларлың бойлары, дене мүшелері тез өседі. Әсіресе аяқтары тез өседі. Бала жылына 2 килограмм салмақ қосады. Осы жаста сүйек тез қатая бастайды. Бірақ сүйек ұлпаларында әлі де органикалық заттар көп те, минеральды тұздар аз. Сондықтан да сүйек икемді, созылмалы әлі толық қатаймай, шеміршекті түрде болады. Осы ерекшеліктерін ескеріп, бастауыш сынып оқушыларына қозғалмайтын статистикалық жаттығулар жүктемесін аз береміз. Үлкен биіктіктен секіру, қатты жерге секіру жаттығуларын бермеуге тырысуымыз керек.
Балалардың бұлшық еттері ет ткандарында су көп те, белоктық заттар аз болып келеді. 7 –8 жастағы балалардың бұлшық ет ткандары олардың жалпы салмағының 27 пайызын алады.
2.Омыртқа жотасының ауытқулары.
Омыртқа жотасының бұзылуының 3 деңгейі бар. Бірінші деңгейдің ауытқуында тек қана бұлшықет тонусы өзгереді. Бұл ауытқулар корригирующие гимнастика арқылы оңай қалпына келеді. Екінші деңгейдегі омыртқа жотасының бұзылуы арқа бұлщықеттерінің дұрыс жетілмеуінен пайда болады. Мұндай жағдайда бас пен мойын алға қарай қисаяды. Бұндай ауытқуларды дәрігер көмегімен корригирующие гимнастикалар жасау арқылы түзеуге болады. Үшінші деңгейде. Бұндай ауытқулар кор. Гимнастика арқылы қалпына келмейді. Қалыпты және дұрыс омыртқа жотасы тірек-қимыл аппаратының, басқа да ағзалардың қызметіне жағымды әсер етеді. Арқа жотасының қисаюы ішкі мүшелердің қызметіне әсер етеді: жүрек, өкпе, ішек-асқазан жұмысы нашарлайды, өңештің тіршілік сиымдылығы, зат алмасуы төмендейді, бас ауырады, шаршайды, қажиды, тәбет қашады.
Күжірейген арқа. Омыртқаның кеуде жағындағы жоғарғы бөлігі көбірек қисайып кетуі. Иықтары қусырылып, арқасы күжірейіп, қарны шартиып салбырап тұруы.
Еңкіш дене. Адамның бойында өте жиі кездесетін мін. Мұндай жағдайда жалпы кеуде сүйегінің қисайып кеткендігі байқалады. Еңкіш дене адамның жауырыны томпиып, төсі ішкіе қабысып, иық пен бас алға еңкейіп, қарны қампиып тұруы. Еңкіш адам бойын тік ұстап көп жүре алмайды, себебі бұлай жүргенде тез шаршап қалады.
Қайқы бел. Дене құрылысынның бұзылуы. Дененің мұндай кемістігінде мойын, кеуде, бел омыртқалардың анатомиялық қисықтығы айқын болып тұрады. Дененің бұл кемістігінң себептері, біріншіден – омыртқаның бүгіліп – жазылып тұратыны бұлшық етерінің дұрыс жетілмеуі және мешел ауруының белгісі. Екіншіден, адамның жамбасы сыртқа шығып тұрады.
Омыртқа жотасының қисаюы (сколиоз)
Ең әуелі, омыртқа жотасының бір жағына қисаюы – иықтың ассиметриялық жағдайы, яғни, екі иықтың бір деңгейде тең тұрмауы. Бұл белгі – омырткалар жотасының майысып кетуі. Омыртқа жотасының қисаюы ауыру дәрежесіне қарай үш түрлі болады.
Бірінші түрінде – омыртқаның бір жағына қарай қисаюы бірден көзге түсіп байқала бермейді. Бұлшық еттерге жүктеме түскенде түзеліп кетеді. Бұл тез жазылып кететін кезеңі.
Екінші түрінде – омыртқа жотасының бір жаққа қарай қисаюы қалыптасып кеткен кезеңі. Омыртқаның бұл ауытқуы да емделу жаттығуларымен шұғылданып жазылуы мүмкін.
Бұл екінші түрінде иықтың бір жағына салбырап тұрғаны бірден көзге түседі.
Үшінші түрінде омыртқаның ауытқығаны өте айқын көрінеді. Ауытқудың бұл түрінде қабырғалар шодырайып тұрады. Дене сымбатындағы бұл кемшілікті түзету өте қиындыыққа соқтырады. Тек емделу жаттығуларымен шұғылдану арқылы бұл аурудың одан ары асқынуын тоқтатуға болады.
Негізгі ескеретін жағдай, омыртқаның қисықтығын, тек емделу жаттығуларымен шұғылдану арқылы ғана қалыпқа келтіруге болады. Сондықтан адам баласы өмірінің қай кезеңінде болса да өзінің денсаулығына бақылау жасап отыруы керек.
Бүкірлік, кифоз (kyphosіs) — (әдетте кеуде бөлімінің) дөңестеніп Бір не бірнеше омыртқалардың зақымдануынан (туберкулез, организмнің жарақаттануынан) пайда болады. Бүкірлік кейбір тірек-қимыл органдарының ауруларының сыртқы көрінісі болып табылады біртіндеп, артқа қарай дөңестеніп майысқан жағдайды доға тәрізді бүкірлік, ал бірнеше омыртқалар аймағында өткір бұрыш жасап қисайғанды бұрышты (қырлы) бүкірлік деп атайды. Бүкірліктің іштей туа біткен және туғаннан кейін пайда болатын екі түрі бар. Іштей туа біткен бүкірлік омыртқа бағанасында сына тәрізді немесе жарты омыртқалардың кездесуі және оларда әр түрлі ауытқулардың болуы (мыс., омыртқалардың бір-бірімен тұтасып кетуі) салдарынан пайда болады. Туғаннан кейінгі бүкірлік әр түрлі ісік ауруларының әсерінен болады. Басқа ауруларға қарағанда омыртқалардың туберкулезге шалдығуы бүкірліктің пайда болуына жиі себеп болады. Бүкірлікті емдеу әуелі оны тудырған ауруды (туберкулез, рахит және т.б.) емдеуден басталады. Қозғалмалы бүкірлікті емдік дене шынықтыру, физиотерапия, массаж, жайпақ төсек, корсет арқылы емдеу жақсы нәтиже береді. Қозғалыссыз бүкірлікті әуелі керу және түзетуші жаттығулар арқылы қозғалмалы түрге келтіріп, содан кейін хирургиялық жолмен емдейді.

Сурет №1
Қалыпты арқа жотасы (а), сколиоз(б), лордоз (в), кифоз (г), тегіс.
3.Мектеп жиһаздарына, мектеп сөмкесіне қойылатын гигиеналық талаптар
Ресейлік мамандар портфельдің салмағы оқушының салмағының 1/10 болуы тиіс дегенді айтады. Балаңыз 27 келі тартса, сәйкесінше, мектеп «дорбасы» да 2,7 келіден артық болмау керек. Ал төменгі сынып оқушыларының сөмкелері 1200 грамның шамасы болса құп. Өз кезегінде ресейлік санитар-мамандар бастауыш сыныпқа арналған оқулықтардың салмағы 300 грамнан, 5-6 сыныптар үшін — 400 гр, 7-9 сынып оқушыларына — 500 грамнан аспауы керектігін есептеп шығарған. Сонымен қатар сөмкені арқаға ілгенде, сөмке екі иыққа бірдей ілінуі керек.
Оқу-тәрбие мекемелерін , қажетті жиһаздармен қамтамасыз етудің және оны тиімді пайдаланудың өсіп келе жатқан балалардың денсаулығын сақтауда, барлық оқу-тәрбие процессінің тиімділігін жоғарылатуда маңызы өте зор.
Негізгі талаптардың бірі – жұмыс столы мен орындықтардың баланың бой ұзындығы мен дене пропорциясына міндетті түрде сәйкес келуі.
Оқушының дене бітімінің дамуы мен ақыл-ой қызмет қабілетінің дұрыс қалыптасуы үшін сабақта отырғандағы дене тұлғасының дұрыстығы қажет.
Ғылыми мәліметтер бойынша бас пен дененің кеуде бөлігінің алға қарай біраз еңкіш болып келгені дұрыс. Дененің еңкіштігі аздаған немесе орташа болып келеді. Аздап еңкіштік кеуде бөлігінің, белге қарағандағы бұрышы 1700-қа жуық, ал орташа болғанда бұл бұрыш 1600-қа жуық болып келеді. Статикалық және биомеханикалық тұрғыдан дене тұлғасының аздаған еңкіштігі, ауырлық орталығының амплитудасын онша көп ауыстырмайтындықтан дұрыс болып саналады. Орташа және одан көбірек еңкіштік ауырлық ортасының алға қарай ауысып, оның қозғалу амплитудасын кеңейтіп жібереді. Мұндай жағдайда арқа, мойын бұлшық еттеріне жүктеме түсетіндіктен, тыныс алу қозғалыстарының амплитудасы тарылып, пульс жиілігін біршама жоғарылатып, көз көруін нашарлатып, веналық қан тамырлардың қызметін төмендетіп, омыртқа аралық шеміршектердің алдыңғы жағының жаншылуына әкелетіндіктен бірқатар патологиялық өзгерістер туғызуы мүмкін.
Балалардың сабақ кезіндегі дене тұлғасының дұрыстығын анықтау үшін дене кейіпінің жағдайына әсер ететін бірнеше мағлұматтарды ескеру қажет және осыған байланысты физиологиялық, патофизиологиялық, психофизиологиялық белгілерді бөліп қарауға болады.
Түрегеліп тұрғаннан көрі, отырған жағдайдағы дене тұлғасы энергия шығыны тұрғысынан алғанда біршама қолайлы болып келеді: тірек аудунының кеңдігімен, ауырлық орталығының біршама төмендеу келетіндігімен, соған сәйкес дене тұрақтылығы гемодинамикалық ыңғайлылығымен сипатталады.
Дифференция - столдың артқы қырынан (тігінен алғандағы) орындыққа дейінгі ара қашықтық. Бұл аралық иықтың шынтаққа дейінгі ұзындығына 5-6см қосқанға тең болуы керек. Дифференцияның 2см өзгеруі мүмкін. Одан жоғары болуы оқушы жазу жазғанда оң жақ иығы көтеріліп тұруына, соған байланысты дене ассиметриясы дамып, омыртқа бағанының қисаюына жағдай жасайды. Одан төмен болуы дененің еңкіштенуіне, көздің дәптер немесе кітаптан дұрыс ара қашықтығының бұзылуына әкеліп соғады.
Орындық арқалығының ара қашықтығы - столдың артқы қырынан (көлденеңінен) орындық арқалығына дейінгі аралық, бұл аралық көкірек қуысының алдыңғы-артқы диаметрінен 5см жоғары болмауы керек. Орындық арқалығының ара қашықтығы жоғары болса оқушы орындықтың арқалығын, қосымша тірек ретінде пайдалана алмайтындықтан ауырлық орталығы алдыға қарай ауысады, төмен болса стол беті көкірек қуысына тіреліп, тыныс алу, қан айналу қызметі бұзылып, жұмыстағы дене тұлғасы қолайсыз болып, статикалық жүктеме жоғарылап, қажудың басталуы жеделдеп, қызмет қабілеті төмендейді.
Орындықтың дистанциясы - столдың артқы қыры мен (көлденеңінен) орындықтың алдыңғы қырының аралығы. Орындықтың дистанциясы - теріс болуы керек, яғни орындықтың отырғышы столдың астына 4-8 см кіріп тұруы керек. Нөлдік, әсіресе оң дистанцияда, оқушы столға қарай еңкейіп, алдына қарай созылып отыруға мәжбүр болады. Жұмыстағы дене тұлғасы қолайсыздыққа ұшырап, статикалық жүктеме жоғарылап, қажудың дамуы жеделдейді. Оң дистанция оқушы орнынан тұрып, столдан шығуы үшін ғана қажет. Теріс дистанцияның оң дистанцияға ауысуы стол қақпағын ашу немесе орындықты жылжыту арқылы жасалады.
Жиhаздардың өлшемі баланың бой ұзындығына сәйкес болуы үшін балалардың бой ұзындықтары белгілі топтарға бөлінген, яғни жиhаздар баланың белгілі бой ұзындықтарының топтарына сәйкес келуі керек. Сәби жасындағы балалар мен мектеп жасына дейінгі балалардың бой ұзындықтарының 6 тобы - 80 см-ден, 130 см. дейін, 10 см аралықпен бөлінген, соған сәйкес, жиhаздардың әріптермен белгіленген 6 тобы А,Б,В,Г,Д,Е дайындалады.
Бір жастан төрт жасқа дейінгі сәбилер тобының бөлмесі төрт орынды столдармен жабдықталады. Столдарды бөлмеде жарық көзі сол жақтан түсетіндей, екі қатар етіп орналастырады. Стол аралықтары 0,45см кем болмауы керек.
Балалардың кереуеттері 2 түрлі болады: үш жасқа дейінгі сәбилерге жан-жағы қоршалған биіктігі реттелетін кереуеттер және үш жастан жеті жасқа дейінгі балаларға арналған кереуеттер. Олардың функционалдық өлшемдері арнаулы СанНменЕ құжатында беріледі.
Жұқпалы аурулардың алдын алу үшін кереуеттердің аралығы 0,3м кем болмауы керек, сыртқы қабырғадан ара қашықтығы 0,7-1,0м болуы керек. Мектепке дейінгі топтарға төсеніші қатты жиналмалы кереуеттер мен қабырғаға жапсырыла жасалған бір, екі қабатты кереуеттерді қолдануға болады.
Қазіргі білім беру мекемелерінің жиһаздарын төмендегідей жіктеуге болады:
1. Оқу сыныптарына арналған жиһаздар: оқушының бір немесе екі орынды столдары; оқу кабинеттеріне (физика, химия, биология…) арналған столдар, компъютерлік столдар, оқу құралдарына арналған шкафтар, техникалық құралдарын сақтауға, тақта астына қоюға арналған тумбалар, әртүрлі модификациядағы сынып тақталары;
2. Кітапханаға арналған жиһаздар: кітапханаға арналған бір, екі жақты сөрелер; кітапханаға арналған жиһаздар жинағы;
3. Асханаға арналған;
4. Оқу шеберханаларына арналған;
5. Шешінетін орынға арналған;
6. Мәжіліс залдарына арналған жиһаздар.
Мектептердің негізгі жиһаздары (парталар, стол мен орындықтар) баланың бой ұзындықтарына сәйкес әр түрлі өлшемде жасалады. Әрбір оқушы өзіне қолайлы, бой ұзындығына, көру, есту жағдайына сәйкес жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі және бала партаға аяқ киімімен бірге өлшенген бой ұзындығына сәйкес отырғызылады.
4. Дене шынықтыру жаттығуларының төменгі сынып оқушыларының дене келбетін қалыптастырудағы маңызы
Балаларды шынықтырудың құралдары болып, негізінен табиғи факторлар алынады: ауа, су, күн радиациясы. Оларды шынығуға пайдалану үшін, белгілі гигиеналық талаптар қойылады. Ауа мен су таза және белгілі температурада болуы қажет. Сонымен қатар ауаның ылғалдылығы мен қозғалу жылдамдығы да есепке алынады. Күн сәулесінің түсетін бұрышы, әсер ету үстемдігі және ұзақтығы белгілі мөлшерде болуы қажет.
Жалпы алғанда, денешынықтыру тәрбиесінің салауаттандырудағы тиімділігі екі негізгі принципті сақтағанда ғана дұрыс болады: тәуліктік қимыл-қозғалыс белсенділігіне гигиеналық нормаларға сәйкес түзетулер жүргізілуі және денешынықтыру тәрбиесінің гигиеналық негізделген жалпы моделінің болуы. Ауру кезінде жалпы тонус төмендейді, бас ми қабының тежегіш қабілеті байқалады, ағзаның қорғаныш қызметі әлсірейді. Ішкі органдар мен бұлшықет қызметінің арасында тығыз байланыс болады. Ғалымдар бұны вицеральды жүйке жүйесімен байланыстырады.
Дене шынықтыру жаттығуларын жасау тек қана жүрек қантамырлары, тыныс алу жүйелерін жақсартып қана қоймай, адамның әртүрлі ауруларға, стрестерге қарсы төтеп беру қабілетін де жақсартады. Егер гимнастикалық жаттығулар, спорттық ойындар, шомылу емшараларын қолданса, бұл құбылыс тез болады. Көптеген ауруларда физикалық ауырлық түсіру бұл процесті жеңілдетіп, бұзылған функцияларды қалыптастырады.
Сабақта сергіту сәттерін өткізу – білім алушылардың жұмыс қабілетін арттыратын қолайлы әдіс болып табылады, өйткені сергіту сәттері орталық жүйке жүйесінің қанда бұлшықеттерінің демалуын қамтамасыз етеді. Сергіту сәттері білім алушыға профилактикалық әсер ету үшін бұлшықет топтарына және ми, қан айналымының жақсаруына арналатын жаттығулар болуы тиіс. Сергіту сәттерін өткізу үшін 3-4 жаттығудан тұратын кешенді қолданауға ыңғайлы.
Мектеп жасындағы балаларға тез салқын тиеді. Салқыннан болатын науқастарға ағзаның қарсы тұрушылығының артуын - шынығу деп атайды. Шыныққан ағза суыққа қарсы тұра алады, күн сәулесенің ыстығын да, ауа райының тез өзгеруін де жеңіл көтереді. Шынығудың негізгі ережелері: жүйелілік оны біртіндеп бастау, адамның жеке ерекшеліктерін ескеру. Шынықтыратын іс-әрекеттер суық пен ыстықтың әсерінен қан тамырларын шапшаң қарсы қалыптастыруға жәрдемдеседі.
Салқын және жылы суды қабылдаған кезде қантамырлары, гимнастика жаттығуын орындағанда қимыл жасайды. Салқын су қабылдаған кезде қан тамырлары жиырылады, ыстық су қабылдаған кезде қан тамырлары босаңсиды. Шынығуды жазғы кезде ыстық су қабылдаумен, қыс айында салқын су қабылдаумен аяқтау қажет. Осындай тәсіл адам ағзасының жаз айларында ыстыққа, қыс айларында суыққа қарсы тұруын қалыптастырады.
Таза ауада шынығу. Таза ауамен шынығуды таңертенгілік гимнастикалық жаттығулармен байланыстырған жақсы. Таза ауамен шынығуға ойындар, серуендер, алаңдар мен ауаларда өткізілетін сабақтар, жаттығулар жатады. Адам ағзасы мен бойының дамуына күн сәулесі мен шынығудың пайдасы зор.
Дене жаттығуларымен таза ауада үздіксіз айналысу, суға шомылу, күн сәулесін қабылдау - осының бәрі өсіп келе жатқан ағзаның үйлесімді дамуына, денсаулықты нығайтып, денені шынықтыруға әсер етеді. Дене шынықтыру мен айналысуға тек дене тәрбиесі және спорттық секциялардағы сабақтарға қатынасу ғана емес, сонымен бірге дұрыс ұйымдастырылған күн режимі, дұрыс тамақтануды оқу мен еңбек және демалу реттерін дұрыс сақтай білу, ақыл-ой және дене еңбегін дұрыс кезектестіріп отыру да енеді.
Дұрыс ұйымдастырылған күн режимінде оқушылардың қозғалысы басты белсенділігі орындардың бірін алады.
Салауатты өмір сүрудің шарттарының бірі дене шынықтырумен айналысу, ол адамды сергектікке, дұрыс ойлануға жетелейді, бұл тұлғаның дұрыс қалыптасуына, сымбатты да сұлу болуға ықпал етеді.
Таза ауада дене тәрбиесі жаттығуларымен айналысу, ойнау, секіру, лақтыру, шаңғы тебу, жүгіру баланың бұлшық еттерін дамытып, жүрек – қан тамыры жүйесін, дем алу жүйесін, сүйек – тірек аппаратын тағы басқа ағза жүйелерін нығайтады, шынықтырады. Сондықтан, мектептің міндеті балаларды дене тәрбиесімен жүйелі, белсенді шұғылдандыру. Дене тәрбиесі жаттығулары, гигиеналық дағдылары, күн тәртібі туралы арнайы білім беру. Ол білімдер: дене тәрбиесі жаттығуларының ағзаға пайдалы әсері, гигиеналық ережелер, тамақтану, демалу, жұмыс тәртіптері.
Оқушылардың дене тәрбиесі мен спортқа деген ынтасын, қызығушылығын оятып, оларды тұрақты, жүйелі спортпен шұғылдануға әрекеттендіруіміз керек
Қорытынды
III. Қарлығаш негізгі орта мектебі Алматы облысы, Алакөл ауданы, Қарлығаш ауылында орналасқан. Зерттеу жұмыстары осы Қарлығаш негізгі орта мектебінде жүргізілді. Зерттеу жұмысы барысында 1-4 сынып оқушыларынан 26 баланың омыртқа жотасының қалыптасуы, мектеп сөмкесінің салмағы зерттелді. Оқушылардың мектеп сөмкесінің салмағы тым ауыр екендігі анықталды. Олардың ішінен омыртқа жотасының қалыптасуында ауытқулары бар оқушылар анықталды. Қарлығаш негізгі орта мектебінде, 7-10 жастағы балалардың арасында мүсіннің бұзылуы, яғни 7,6 % - I деңгейлі сколиоз, 3,8 % - бүкірейгіштік кездесетіні анықталып, олардың алдын алатын жаттығулар түрлері қарастырылды.
1-кесте
№ Сыныбы Оқушы саны Ер бала Қыз бала Оқушылардың орташа салмақтары Мектеп сөмкесінің орташа салмағы Ауру қаупі бар балалар саны
1 1-сынып 5 2 3 20-25 4,5 0
2 2-сынып 7 5 2 23-28 4,5 1
3 3-сынып 8 1 7 28-30 5,8 0
4 4-сынып 6 3 3 28-35 5,8 2

Екінші сыныпта барлығы 7 оқушы, 5 ер бала да 2 қыз бала.
Бұлар 7-8 жастағы балалар. Бұл жастағы ер балалардың дене салмағы 23-28 кг, қыз балалардың салмағы 20-25 кг. Бойлары 122-127 см. Зерттеу жұмысымыздың нәтижесінде 2- сыныпта 1 балада I деңгейлі сколиоз қаупі бар екендігі анықталды.
Төртінші сыныпта оқушы саны 6, олардың 3-і ер бала, 3 қыз бала. Бұлар 9-10 жастағы балалар. Бұл жастағы ер балалардың дене салмағы 28-35 кг, қыз балалардың дене салмағы 28-30 кг. Бойлары 122-143 см. Бұл сыныпта 1 балада I деңгейлі сколиоз, 1 бала бүкірейгіштік қаупі бар екендігі анықталды. (1-кесте)
Осы жастағы балалардың дене келбетінің дұрыс қалыптасуына кедергі келтіретін жағдайлар:
- қаңқа бұлшықеттерінің нашар дамуы;
- мектепте партаның жоғары не төмен болуы;
- орындықтың ыңғайсыздығы;
- бір жағына қисайып отыратын әдет;
- семіздік;
- салбөкселік;
- көру қабілетінің нашарлауы;
- жиі аурушаңдық;
- баланың бойына сай келмейтін мектеп жиһаздары;
- мектеп бөлмелерінде жарықтың тапшылығы;
- күнделікті сабаққа қатынау барысында кітап және басқа да кажетті заттарды салынған рюкзяк немесе портфельдің шектен тыс ауырлығы;
- белсенді демалыстың жоқтығы.
















Екінші сынып оқушылары: № 1 диаграмма



- сау оқушы

- I деңгейлі сколиоз қаупі














Төртінші сынып оқушылары: № 2 диаграмма


- дене мүсіні дұрыс оқушы - бүкірейгіштік, кифоз қаупі

-I деңгейлі сколиоз қаупі бар












Пайдаланған әдебиеттер
1. Б. Төтенаев «Дене тәрбиесі» - Астана, 2008.
2. Ұ. Мұхамеджанова «Дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесі», -Астана, 2007
3. Е. Уақбаев « Қазақстанда дене тәрбиесі жүйесінің дамуы»,-Алматы, 2000
4. Решетников Н.В., Кислицын Ю.А. « Физическая культура»,-Москва, 2000.
5. Нұрмұхамбетұлы Ә.Н. « Патофизиология», Алматы, 2007
6. Сәтбаева Х.Қ., Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б. « Адам физиологиясы», Алматы, 2005.
7. «Мектептегі дене шынықтыру» №2, 2007
8. «Валеология. Дене тәрбиесі. Спорт», №8, 2002
9. «Мектертегі дене шынықтыру», №5, 2004
10. «Мектептегі дене шынықтыру», №2, 2009
11. «Мектептегі дене шынықтыру», №3, 2010
12. «Мектептегі дене шынықтыру», №5, 2010
13. «Мектептегі дене шынықтыру», №4, 2011
14. «Валеология. Дене тәрбиесі. Спорт», №9, 2004
15. «Валеология. Денсаулық және өмірлік дағдылар», №2, 2011
16. «Валеология. Денсаулық және өмірлік дағдылар», №3, 2008
17. «Валеология. Денсаулық және өмірлік дағдылар», №4, 2011
18. «Валеология. Денсаулық және өмірлік дағдылар», №5, 2010
19. «Валеология. Денсаулық және өмірлік дағдылар», №6, 2008
20. «Денсаулық», №5, 2012
21. «Денсаулық», №1, 2011
22. «Денсаулық», №3, 2011
23. «Денсаулық», №11, 2011
24. Неменко Б.А. Оспанова Г.К. «Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы»- Алматы ,2002.























Алматы облысы
Алакөл ауданы
«Қарлығаш негізгі орта мектебі» КММ







Құмарғали Балжанның «Бастауыш сынып оқушыларының омыртқа жотасының қалыптасуы» атты тақырыпта жүргізілген жұмысқа басталған күнделігі














2018-2019 оқу жылы
Мектепте өткен барлық іс-шараларға қатысып отырамын. «Кенгуру» интеллектуалдық ойыны ІІІ орын, «Золотое руно» халықаралық интелектуалды байқауынан ІІ орын, «Аудандық ғылыми жоба тарих пәнінен ІІІорын, Облыстық «Зерде» байқауынан ІІ орын, Аудандық жас ақындар мүшәйрәсынан 2 рет ІІІ орын, аудандық ІХ KATEV «Жарқын болашақ» байқауынан ІІ , ІІІ орын, республикалық Ф.Оңғарысынова оқуларынан І орын, Окргуттік және мектепшілік жарыстардың жүлгегерімін. Мен өзім жаратылыстану пәндерін қызығушылықпен оқимын. Мектепте рын интернеттен керекті материалдарды алып отырамын. Сол кезде мен омыртқа жотасының қалыптасуын зерттеуге қызықтым.Өзіме керекті материал жуға кірістім.

Таңдап алған тақырыбым: « Бастауыш сынып оқушыларының омыртқа жотасының қалыптасуы»

Мақсаты:
2. Төменгі сынып оқушыларының омыртқа жотасының қисаюы, сколиоз, лордоз, кифоз қаупінен сақтандырудың алдын алу және оқушылардың дене келбетін қалыптастыруға әсер ететін дене шынықтыру әд істерін қарастыру. Осы мақсатқа байланысты ғылыми жоба алдына мынандай міндеттер қойылды:
• Омыртқа жотасының бұзылуының негізгі себептерін зерттеу;
• Физикалық жаттығулардың адам ағзасына әсерін зерттеу;
• Оқушылардың дене келбетін қалыптастыруға әсер ететін дене шынықтыру тәсілдерін қарастыру;


Жетекшім: Мухаметжанова Диана Айтбекқызы






2017-2018 оқу жылы
Қараша
Ең алдымен тақырыппен толық танысқаннан кейін, негізгі зерттеу нысаны бастауыш сынып оқушыларының тізімімен таныстым. Оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін, бойының ұзындығы, салмағын мектеп медбикесімен бірге өлшедім.
Желтоқсан
Бастауыш сынып оқушыларының құрамымен толық танысып алғаннан кейін омыртқа жотасының қалыптасуы, омыртқа жотасының қалыптасуында байқалатын ауру түрлерімен таныстым. «Валеология. Денсаулық және өмірлік дағдылар» журналын оқып, мәліметтер алдым. «Денсаулық», «Мектептегі дене шынықтыру» журналдарын оқып, «Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы» оқулықтарымен таныстым. Артроз, кифоз ауруларына байланысты суреттер жинақтамаларымен таныстым. Жалпы, мектеп кітапханасымен, Қабанбай ауылдық кітапханаларында іздендім
Қаңтар
Бастауыш сынып мұғалімдерімен ақылдаса отырып, оқушыларымен кездесулер өткіздім. Ол кездесу барысында оқушыларға «Омыртқа жотасының қалыптасуы» тақырыбында шағын баяндамал оқып, сымбатты мүсіннің қалыптасуы әр оқушының өз қолында екендігін түсіндірдім. Оқушылардың сабақтарына қатысып, сабақта қалай отыратындарын бақыладым.
Ақпан
Мектеп медбикесімен бірге бастауыш сынып оқушыларын зерттедім. Оқушылардың омыртқа жотасының қалыптасуын зерттеу мақсатында оқушыларды қалыпты тұру қалпын суретке түсірдім. Кейбір оқушылардан бүкірлік байқалды. Омыртқа жоталарын бормен сызып көру арқылы омыртқа жотасының түзу немесе қисық қалыптасып келе жатқанын анықтадым.
Наурыз
Жинақтаған мәліметтердің барлығын қорытындылап, ғылыми жобаны жоспарын құрып жаздым. Оқушыларды зерттеу барысындағы мәліметтерді пайдаланып, №1 кестені құрдым. Екінші және үшінші сынып оқушыларының арасында бүкірейгіштік пен І сатылы скалиоз қаупі байқалды. Сол мәліметтерді пайдаланып, №1 және №2 диаграммаларды жасадым.
2018-2019 оқу жылы
Қыркүйек
Оқушылардың омыртқа жотасының дұрыс қалыптасуына мектеп сөмкесінің салмағы мен дұрыс ұстауы да әсер етеді. Сол себепті мен бастауыш сынып оқушыларының мектеп сөмкелерін өлшеп көрдім. Сөмкенің салмағы қанша болу керектігі туралы Ресейлік мамандардың деректерімен таныстым.
Қазан
Мен осы жасалған жұмыстарды қорытындыладым. Омыртқа жотасының қалыптасу жайлы мағлұматтарды толықтай жинадым.

















МЕКТЕП МЕДБИКЕСІМЕН БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ЗЕРТТЕУ БАРЫСЫ







МЕКТЕП МЕДБИКЕСІМЕН КЕҢЕСУ


І ДӘРЕЖЕЛІ БҮКІРЕЙГІШТІК

ҚАЛЫПТЫ ОМЫРТҚА ЖОТАСЫ
, І ДӘРЕЖЕЛІ СКАЛИОЗ



ОМЫРТҚА ЖОТАСЫНЫҢ ДҰРЫС ҚАЛЫПТАСПАУ СЕБЕПТЕРІ